Абай құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңі
Абайтану 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты: «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, лекция
Сабақтың көрнекілігі:
1) Ұ. Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
2) М. Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
3) Б. Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең – ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі.
Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бүлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік - создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз – түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3 - шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады.
Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. Үстірт қарағанда бұрылыс шұғыл сияқты. Қас қаламгердің шеберлігі де осында. Әуелі көңілдің жаңа ырғағына көшер, әрі тек қана қазақ тіршілігіне сыйысар көріністер келтіреді, ол – тау жаңғыртқан ән, үрген ит пен айтақ даусы. Бір ғажабы, ақын атап көрсетпесе де, ән – сырлы, мұңды, әуезді, иттің үрісі мен оған қосыла шыққан айтақта зіл, қатер белгісі жоқ: «Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа...». Бұл – өлеңнің алғашқы шумақтары арқылы көңілде берік орныққан сыршылдықтың нәтижесі. Көңіл күйі ғана алмасқан жоқ, қас зергер шығарманың заттық құрылымында да жаңа сапаға қарай ойысады: әлгінде ғана назарда жансыз табиғат тұрса, енді жанды тіршілік лүпілі естіледі.
Сондықтан да келесі тармақтарда адамның – жол тосқан қарақшы, кеш қалған жолаушы емес, сүйгенімен кездеспек жас сұлудың шыға келуі табиғи қабылданбақ. «... Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?!». Қандай қыз, қандай сезімдер жетелеген жан – кімге болса да айқын. Абай кейіпкерлерінің сезім толғаныстарын айналада болып жатқан жалпы суреттер арқылы бейнелеген. Санадағы сәуле – желсіз түн, жарық ай, тасыған өзен суреттері – кері шағылысып, құпия кездесуге, бәлкім, өз өміріндегі ең алғашқы махаббат сұхбатына бет бұрған қыздың жүрек лүпілімен астас жарастық табады. Айлы түн, дірілдеген сәуле, қамсыз да бейбіт дыбыстар, оңашаға асыққан қыз – бәрі келісімді үндестікте. Сыртқы әсерді көкірек сыздатар сырға айналдырып, сезім қылын шегіне жеткере бұраған ақын енді бірден ағытылады. Сырлы түн де жоқ, сүйген жігіт те жоқ, қыз сезімі – жаңағы табиғат көріністерінің тікелей ішкі толқынысқа ұласуы, рухы таза, жаны нәзік сұлудың жүрек лүпілі.
«Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай, дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?»
Кенет жүрекке мұң құйылады. Кешелі - бүгінді болған, болып жатқан жай емес, жекелік сипаты мол, нақты сезім күйінің суреті екен, өтіп кеткен бағзы бір күндерден қалған естелік екен, жасы жеткен немесе заманы озған жанның енді қайталанбас бақытты сәті екен. Өлең әсері ең соңғы жолдарда, «Тұрмап па еді сүйеніп» дейтін, өткен шақ формасындағы тіркестен соң бұрынғыдан әрмен күшейе түседі. Енді манадан бері көзге шалынбаған, сүттей түнді сырттай бақылап, именшек сұлудың жолын тосып тұрған жігіт – дәл қазіргі мезетте сол бір қимас кезін мұңды сағынышпен еске алушы ақын (немесе оның лирикалық кейіпкері) бой көрсетеді және сәт озған сайын тұлғалана, еңселене түседі. Сипатталған сурет, бейнеленген сезім – қаншама заманнан бері іште тұнған, санада сүзіліп, түйсікте таңбаланған сырлы әуез – ер жігіттің дарқан жаны, кіршіксіз көңілімен қоса адамдық бейне, рухани биігін де айқын танытады. Өлең 7, 8 буынды жүйеде қалыптасқан. 1 -, 2 -, 3 -, 5 - шумақтары шалыс ұйқаспен кестеленсе, 4 - шумағы шұбыртпалы ұйқаспен өрнектелген.
«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам - танымының биіктігін танытады. 1935 жылы композитор Л. А. Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір - бірінен тек өлеңнің 3 - тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Әннің мелодиялық - ырғақтық құрылысы 4 тармақты өлең - жыр кестесінің негізінде қалыптасқан. Ырғақ екпіні байсалды, бірқалыпты созыңқы қоңыр үнмен орындалады. Маужыраған желсіз, әсем түн, жарық ай - ауыл түнінің тамаша бір сәтін, адамның табиғат құшағында отырған бір мезетін минорлық ладтағы әуен сөзбен суреттейді.
III. Ойтолғаныс сатысы
• Ақын өлеңдерін оқу және талдау.
• Сөздікпен жұмыс
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
БҮҮ
Сабақты қорыту.
Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде "Желсіз түнде жарық айдың" орны ерекше. Осынау шағын өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында тамылжыта суреттелген.
Сәулесі суда дірілдеген жарық ай, ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені, әлденеден қуана сыбырласқан қалың ағаштың жапырақтары, ит - құсқа ма, бейсауат жүргіншіге ме, үрген иттердің үні мен қой күзеткендердің айтағы, сол дауыстардан таудың жаңғыруы — осының бәрі керемет шеберлікпен жан бітіре суреттелген. Сондықтан оны оқығанда баяғы қазақ өмірінің ертегідей бір әсем суреті қайта тіріліп, кісінің жаны жадырап, көкірегіне шуақ төгілгендей сезімге бөленеді.
Үйге тапсырма: «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау