Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қысқы орманға көмек
Білім беру саласы: 5 сала
Бөлімі: 5 білім беру саласы арқылы кіріктірілген ұ. о. і.
Тақырыбы: Қысқы орманға көмек

Мақсаты: Балаларға 5 білім беру саласы бойынша тапсырмалар беру арқылы қыстың ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, тілдерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын ояту, жолда жүру ережелерін қайталату, денсаулықтарын нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту және адамгершілікке (достық қарым-қатынас, көмек көрсету) тәрбиелеу.
Қостілдік компоненттер: қыс-зима, орман-лес, сауысқан-сорока, аңдар-звери, кілт-ключь, жол белгілері-дорожные знаки, достық-дружба, көмек-помощь.

Іс-әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Ертеңгілік шеңбері»
- Балалар, бәріміз қол ұстасып шеңберге тұрайық. Біз бәріміз доспыз. Достарыңның алақандары жылы, әрі жұмсақ болады. Кәне, сипап көрейік. Достарымызбен бірге болған кезде бәрі жақсы, ал доссыз көңілсіз болар еді. Осыны есте сақтауымыз қажет.
«Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(Сауысқанның дауысы естіледі)

- Балалар, бізге топқа құс ұшып келді. Ол қандай құс екенің мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.
Жұмбақ:
Ала қанат, қыстап қалады,
Жемді тауып шоқып алады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай құс екен? /Сауысқан/

(Балаларға сауысқанның суреті көрсетіледі)
- Сауысқан бізге жаңалық алып келген. Кәне, оны тыңдайық. (Аудиожазба қосылады)
Сауысқан: Қысқы орман қиындыққа тап болды: Орманда боран тұрып, қалың қар жауып, аңдар қар астынан шыға алмай, құстар ұша алмай жатыр. Қиындықтан шығу үшін орманға 3 сиқырлы кілт керек. Мен сендерден көмек сұрайын деп әрен-әрен ұшып келдім. Орманның барлық тұрғындары сіздерден көмек күтуде.
Тәрбиеші: Балалар, орманға сиқырлы кілттерді жинап береміз бе? Онда жолға!!!

Балалар шеңберге тұрып бір-бірінің қолдарын сипап ұстап қарайды.
«Шаттық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(Қимылмен көрсетеді)

Қызыға тыңдап, жұмбақты дұрыс шешуге тырысады.
- Сауысқан.
Балалар тыныш тұрып тыңдайды.
- Жинап береміз.
Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері – Ал орманға немен барамыз? Білгілерің келе ме? Мына жұмбақтың жауабын тапсаңдар білесіздер.
Жұмбақ:
Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды. /автобус/

- Дұрыс, балалар, біз орманға дейін автобуспен барамыз. Ал автобусқа отыру үшін біз не аламыз?
- Дұрыс, билет аламыз. Кәне, мына билеттерден өздеріне бір-бірден алыңдар.
- Бәріміз жайғастық па?
- Онда орманға дейін көңілді бару үшін, «Дос болайық бәріміз» әнің айтайық.
(Орманға жеткен соң)
Тәрбиеші: Балалар, біздер қысқы орманға келдік. Қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Қыс қандай болады, ерекшеліктерін айтып беріңдерші?
- Дұрыс, жарайсыңдар. Ал сендердің қолдарыңда не бар? Олар жай билеттер емес. Олар әртүрлі пішінді. Қандай пішіндер екенін атайықшы:
- Дұрыс, сіздер мына үш ағашты және жоғарыда геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар ғой. Олар сіздердің қолдарыңыздағы билеттің пішінідеріне сай. Әрқайсы қолдарыңдағы билет пішініне сәйкес келетін ағаштардың қасына отырыңдар.
(Балалар отырғаннан кейін)
Тәрбиеші: Балалар, бұл сиқырлы ағаштар. Олардың барлық тапсырмаларын орындасақ, олар бізге сиқырлы кілттерін береді. Сондықтан мұқият тапсырмаларын орындауға тырысайық.
- Әр ағаштан «1» саны бар ұлпақарды алайық:
1-тапсырма:
- «Қыс» туралы тақпақ айту.
(«Қатынас» б. б. с.)
- Адасып қалған шаршыларды (кубик) ретімен орналастыр. («Таным» б. б. с.)
- «Бағдаршам» туралы не білесіңдер?(«Әлеуметтік орта» б. б. с.)
- Әр ағаштан «2» саны бар ұлпа қарды алайық:

2-тапсырма:
- «Логикалық есеп». Қатты аязда аспанда 2 аю ұшып жүр, біреуінің түсі қызыл, біреуінің түсі көк. Аспанда неше аю ұшып жүр. («Таным» б. б. с.)
- Көрсетілген жол белгілерінің атауын атаңдар. («Әлеуметтік» б. б. с.)
- Жұмбақтарды шешіңдер:
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. /Қар/
2. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. /Мұз/
(«Қатынас» б. б. с.)
- Әр ағаштан «3» саны бар ұлпа қарды алайық:

3-тапсырма:
- Қысқы ормандағы ағашты қармен жамылдыр. (ағаш үстіне мақталарды желіммен жапсыру)
(«Шығармашылық» б. б. с.)
- Субояуға саусақты малып, қысқы ормандағы шыршаның суретін сал.
(«Шығармашылық» б. б. с.)
- Ақ парақты бояп, ненің
суреті екенің ата?
(«Шығармашылық» б. б. с.)

Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

- Әр ағаштан «4» саны бар ұлпақарды алайық:
4-тапсырма:
- Көрсетілген жол
белгілерінің атауын атаңдар.
(«Әлеуметтік» б. б. с.)
- Қыс мезгіліне байланысты жаңылтпаштар айтып беріңдер.
(«Қатынас» б. б. с.)
- Бір аптада неше күн бар?
Атауларын атаңдар.
(«Таным» б. б. с.)

- Әр сиқырлы ағаштан «5» саны бар ұлпақарды алайық:
5-тапсырма: Жаттығу жасау.
- Бұл тапсырмада үш ағаш бәріңізге бірдей тапсырма берген. Сиқырлы ағаштар сендер жаттығу жасай аласыңдар ма, соңы білгісі келеді.
Ал, қане бәріміз жаттығуды қалай жасайтынымызды көрсетейік.
Жаттығу
Шеңбер болып тұрайық,
Жаттығуды бастайық.
Бір-екі-үш, басымызды
айналдырып қозғайық.
Төрт-бес-алты, қолды
сермеп алдық.
Жеті-сегіз, иілеміз оң жаққа,
иілеміз сол жаққа,
Тоғыз – он, секіреміз қуана!!!

- Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, сиқырлы ағаштар сендерге риза болып, сиқырлы кілттерін беріп жатыр. Кәне сиқырлы кілттерді алып қысқы орманға берейік.
Сауысқан: Алақай, қысқы орманды, онда мекендейтін аңдар мен құстарды бораннан құтқарып қалдыңдар. Рахмет сендерге, балалар!
- Енді өзіміздің балабақшамызға автобусқа мініп қайтайық.
- Иә.
- автобус.
- билет.
(Балалар геометриялық пішінді билеттерді таңдап алады)
- иә.
Балалар «Дос болайық бәріміз» әнің айтады.
- Қысқы орман.
(Қыс ерекшеліктерін айтады)
- билеттер. (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш)
(Балалар үстел жаңына отырады)
Балалар қызыға тыңдайды.
Ажар:
Наргиза:
Бір топ бала сырғанап, Барады әне, жарысып.
Қалды артта қыр, алап,
Іздерінен қар ұшып.
Раиль:
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Ерлан:
Сәтке қарап тұрмайсың,
Көңілді еді қыс қандай!
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.
(шаршыларды ретімен қойып, санайды)
- Бағдаршамның 3 көзі бар: қызыл, сары, жасыл. Қызыл көзім «тоқта» дейді, сары көзім «дайындал», жасыл көзім «жүр» дейді. Бағдаршам адам өміріне керек. Жолдарда машиналар түйісіп қалмау үшін, адамдарды қағып кетпеу үшін бағдаршамның пайдасы зор.

- 0, Аюлар ұшпайды. Жол белгілерін атайды.
- қар.
- мұз.

3-тапсырмада үлгіге қарап балалар жеке жұмыстанады, қызығушылықпен тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
(қимылмен жасайды)

Көрсетілген жол белгілерді атайды.
Дала аппақ, қар аппақ,
Бәрі аппақ, қарап бақ.

Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.

Апта күндерін атайды.
Балалар жаттығуды жасайды.
(Проектормен түсіп тұрған экранда борандап тұрған қысқы орманның суретінің қасына сиқырлы кілттерді қояды. Экранда борансыз, күні жарқырап тұрған, аңдар жүрген қысқы орман суреті көрсетіледі).
(Әдемі әуен қосылады, балалар автобуспен балабақшаға келеді)
Бекіту,
бақылау
Сұрақ-жауап:
- Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді?
- Көмек сұрағандарға көмектесу
керек пе?
- Біздер қайда бардық?
- Қысқы орманда не істедік, не көрдік?
- Бүгінгі ұ. о. і. ұнады ма?
Қоштасу:
Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау-сәлемет болайық.
- Сауысқан.
- Көмектесу керек.
- Қысқы орманға.
Балалар қысқы орманда не істеп, не көргендері туралы айтып береді.
- Ұнады.
Қоштасу:
Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы Сау-сәлемет болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қыс туралы тақпақтар мен жаңылтпаштар, 5-ке дейін сандар мен санауды, жаттығу жасауды.
Қалыптастыру керек: тапсырманы дұрыс орындауды, сөйлеу мәнерін, танымдық ойлау қабілеттерін, бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын, жолда сақ жүруді, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, басқаға көмек көрсету мен достық қарым-қатынасты.
Меңгеруі керек: Қысқы ормандағы ағаштарға мақта жапсыруды, саусақпен шырша суретін салуды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама