Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Қысқы серуен

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қысқы серуенгі балалардың суреттері үлестірмелі материал (аққала, шырша, суреттері)
Сөздік жұмыс: аққала, шана, қар.
Билингвалды компонент: аққала – снеговик, шана – соник, қар – снег.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар қараңдаршы бізге бүгін қонақтар келіпті. Қане бәріміз шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер: Амансың ба алтын күн.
Амансың ба көк аспан,
Амансың ба жер ана.
Амансың ба достарым,
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Кім шешуін табады?
Аяз қысып өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйытқып боран соғады
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? 
 (қыс мезгілі)
- Кәзір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- 3 айдан.
- Қыс айларын кім айтады?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс мезгілі екенін қайдан біліп тұрмыз?
- Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады, күн суытып, боран, аяз тұрады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер?
Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз.
Негізгі бөлім: Мына суреттерге қараңдаршы, балалар шаңғы теуіп жүр, шанамен сырғанап жүр. Енді балалар естерінде ме біздер кеше далаға серуенге шыққанда қандай ойын ойнадық?
- Шанамен сырғанадық, қар лақтырдық.
Балалар сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Ахмет
Қандай қызық қыс деген
Бәрі шебер іспенен
Бақша алды толды деп
Бояп алды қарменен.
- Меруерт
Жапалақтап ала қар 
Жауды күнде қайталап 
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
- Батырхан
Көзі қара темірдей
Сәбіз мұрны көрінген
Аузы бар ағаштан 
Телпегі бар темірден.
Балалармен жұмыс орындау: 
«Аққала» жапсыру.
Бірақ күндегідей қарындашпен емес жапсыру әдісін пайдаланамыз.
Балалар орыс тілінде: аққала – снеговик, қыс – зима, қар – снег деп айтады.
Аққала үш бөліктен тұрады. Үлкен бөлігі астына, ортаншы бөлігі ортасына кіші бөлігін үстіне қою.
Аққаланың бейнесі жақсы көріну үшін басына шелек кигіземіз.
Мұрнын, көзін неден жасайды? Түстері қандай?
Қызғылт сары, қара. 
Сергіту сәті:
- Енді орнымыздан тұрайық, сергіту сәтін жасайық.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгілінің ойындары»
Балалар тақтамен жұмыс жасайды.

Қорытынды:
- Балалар, мынада не бейнеленген екен?
- Жылдың қай мезгілі екен?
- Балалар немен ойнап жүр?
- Жұмбақ не туралы?
Ашық оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай - бақшасы
Сопбек Жазира Пернебайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама