Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қыстырма сөз
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы дамыту. Шығармашылық қабілетін, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
б) тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тірек сызба, топпен жұмыс, логикалық тапсырмалар, үлестірмелі парақ, тұжырымдамалық карта, семантикалық карта
Сабақтың құрал - жабдықтары, көрнекілігі: Интерактивті тақта, ребус, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)
ә) Топқа бөлу; (түрлі - түсті мозайка арқылы) 1мин
б) Психологиялық ахуал; 2мин
II Үй тапсырмасын сұрау: (қарлы доп арқылы) 5мин
(әр топқа 2 сұрақтан)
1. Жай сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
1. Күрделі ойды білдіру үшін көбінесе қандай сөйлем қолданылады?
2. Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
1. Қыс түсті. Өзен суы қатты. Осы екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр
2. Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады. Бұл қандай сөйлем? Дәлелде
1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді қандай сөйлем дейміз.
2. Жалғасын тап. Ол бүгін ерте келіп,...
1. Құрмалас сөйлемге мысал айт
2. Жай сөйлемге мысал айт
ІІІ Жаңа сабақ: 10мин
а) Сөздерге, сөйлемге сұрақ қою
Кітап амал қанша
Жасыл бәсе
Барды меніңше
Төртінші сірә
Мүмкін, ол келіп қалар
ә) Ребус шешу
Сонымен қыстырма сөз деген не екен? (Оқушылар өз ойларымен ережесін шығарады)
Қыстырма сөз дегеніміз – сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды.
б) Үлестірмелі парақ
- Балалар, қыстырма сөздердің өзі көңіл - күйіне, мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. (әр топқа қыстырма сөздер беріледі, оқушылар сол сөздер арқылы қыстырма сөздің түрін анықтайды)
IV. Оқулықпен жұмыс 5мин
(1 - топ: 57 жаттығу, 2 - топ: 58 - жаттығу, 3 - топ: 59 - жаттығу, 4 - топ 62 жаттығу, 5 - топ 63 - жаттығуды орындайды)
V. Сергіту сәті 1мин
VI. Тұжырымдамалық карта 10мин (әр топ алдында жатқан А3 қағазына жасап, қорғайды)
VIІ. Семантикалық карта 5мин
VIІІ. Қорытынды бөлім: Жаңа сабақты бекіту. Пысықтау сұрақтарын беру. 3мин
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
- Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?
IX Оқушылар білімін бағалау: 3мин
а) Жеке оқушыларды бағалау.
ә) Топтық сайысқа баға беру, марапаттау.
X. Үй тапсырмасы: 77 беттегі 5 - кестедегі сөздерге сөйлем құрау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама