Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, ойын құралдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест.
1. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін..... дейміз.
а) бастауыш
ә) баяндауыш
б) тұрлаусыз мүшелер
2. Тек тұрлаулы мүшелерден қана тұратын сөйлем....... деп аталады.
а) жайылма сөйлем
ә) жалаң сөйлем
б) құрмалас сөйлем
3. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен келсе, арасына.... қойылады.
а) сызықша
ә) үтір
б) нүкте
4. Дауыссыз дыбыстар қатары:
а) ы, і, ұ, ү
ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б.
б) а, о, ә, е.
5. Етістіктің сұрақтары?
а) Не істеді? Не істейді?
ә) Кім? Не?
Б) Қандай? Қай?
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу 7 - жаттығу сөйлемдерді мәнерлеп оқу, қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгімен толықтыру. Көшіріп жазу. 1. - Түйе, қайда барасың? - дейді түлкі ("Балалар фольклоры"). 2. Кел балалар, келіңдер. Кереметті көріңдер! (С. Сейітов). 3. Жаңа жыл, Жаңа жыл! Не әкелдің, сен бізге? (Х. Ерғалиев). 4. Құлпыра берші, кең дала! Гүліңді күнде терейін (Ж. Саин). Анау тағаны балам, ала жүр (Ы. Алтынсарин).
- Неліктен үтір қойдың?
- Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Оған сұрақ қойылмайды. Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керек.
Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау.
Шығармашылық диктант.
8 - жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырып жазу:
- Серік, кітапханадан алған кітаптарыңды өткіз. - Ән шырқаңдар, балалар! - Жылқышы, аттарды айдап кет! - Айдос, үлкен кісіге орын бер!
9 - жаттығу Мәтінді түсініп оқу. Қаратпа сөздерді алып тастап, мәтінді оқуда не өзгеріс болғанын сұрау. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу, астын сызу.
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі:
- Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, деді.
- Қайда барамыз, көке? - деп, Кәкен кәдімгідей көңілденіп, қуанышын жасыра алмай қутыңдап қалды.
- Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.
- Баба деген кім ол көке?
- Бабаң - әкеңнің атасы, атаңның әкесі.
( Әбдібай Табылды)
"Мен не білдім"....
10 - жаттығу. Ата, туған өлкем сөздері бірде қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатындай сөйлем құратып жаздыру.
Қаратпа сөз екенін дәлелдей білуге үйретуде төмендегі кестені пайдалану.
"Көршіңмен әңгімелес"
11 - жаттығу. Ертегіден үзіндіні оқу. Қай ертегіден екенін есіңе түсір. Қаратпа сөздерді табу, ертегіні ары қарай жалғастыру.
Шығармашылық диктант.
12 - жаттығу. Көп нүктенің орнына қаратпа сөздерді қойып көшіріп жазу.
1. Әпке, мені көшеден өткізіп жіберші. 2. Терезені дұрыстап жапшы, Әсет. 3. Иә, балам, оқып жүрсің бе? 4. Көке, менің балам бабама кім болады?
Қорытындылау.
Ата, туған өлкем сөздерді бірде қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатындай сөйлем құрап жаз.
Ата, үйге қайтайық.- Ата ауылға келді.
Туған өлкем, неткен сұлу едің.- Менің туған өлкем тамаша!
13 жаттығу өлеңді оқы. Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын тап.
Балақай
- Бүлдірген тереміз, балақай.
- Алақай!
- Ат жарыс көреміз, балақай.
- Алақай!
- Айға ұшып барамыз, балақай.
- Кел, ағаш жарамыз, балақай.
Үйге тапсырма: 13 - жаттығу, ереже жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама