Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қоғамның басты жауы

Қоғам - адамдардан құралған орта. Ал жау деп біз осы қоғамды құлдырататын, дамуын тежейтін әсерді айтамыз. Қазіргі біздің даму үстінде жүрген қазақ қоғамының басты жауы - жемқорлық. Неліктен жемқорлық?

Біріншіден, қазіргі адамдар ақшаны ар, намыстан жоғары қояды. Яғни ақшаның құлы болу әсерінен деп сипаттауға болады. Адам тек өзінің жайлы өмір сүруін қамтамасвз еткісі келеді. Ал оның қандай жолмен іске асыратынын ойланғысы келмейді Местрий Плутарх "Қоғам игілігіне арналған істен өз пайдасын көздеген жан, қабірді де тонауға қабілетті" депті. Жемқорлар жерін де, елін де ойлағысы келмейді.

Екіншіден, әділетсіздіктің таралуы. Мысалы егерде тест, экзаменнен парақорлық арқылу өткізу әсерінен білім деңгейі төмен қызметшілер жұмыс жасайтындығында. Соның әсерінен зардап шегіп отқан салалардың бірі медицина саласы деуге болады.

Үшіншіден, дамуды тежейді. Енді қарайық кәсіби тұрғыдан болсын, адами тұрғыдан болсын дамымай тұрған елдің ісі алға басуы екіталай.

Қорытындылай келе айтқым келетіні қазіргі таңда жемқорлықтың қоғамның басты жауы жемқорлық таралуы әсерінен осындай халықты құлдырататын үш фактор пайда болуда.

Томирис Жиенбаева


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама