- 14 ақп. 2020 00:00
- 239
Қожа бөтен бақта
Қожа біреудің бағында талға шығып өрік жей бастайды.
Қожайын келіп қап:
— Талдың басында не істеп тұрсың? — дейді.
— Мен бұлбұлмын, талдың басында сайрап тұрмын, — дейді Қожа.
— Жарайды, сайрай ғой, тыңдап көрейін, — дейді қожайын.
Қожа ән салады. Қожайын еріксіз мырс етіп:
— Ау, бұлбұл осылай сайраушы ма еді? — дейді.
— Мен жастау бұлбұлмын, әлі тәжірибем жоқ, жақсырақ айта алмаймын, — депті сонда Қожекең.