- 08 қаң. 2020 00:00
- 217
Жүз көрісіп жүрейік
Қожанасыр шәкірттерімен мешітке баратын болады. Өзі есекке мінеді, шәкірттері жаяу соңынан ереді. Біраз жүрген соң Қожа оны ыңғайсыз көреді. Шәкірттерін алдына түсіріп, өзі соңынан жүреді. Біраздан кейін өзі шәкіртерінің алдына түсіп, есегіне теріс мініп отырады. Шәкірттері:
— Ау , Қожеке, мұныңыз қалай? — деп шулайды.
Сонда Қожа:
— Біраз жүрсек те, жүз көрісіп жүрейік, — деген екен.