- 04 ақп. 2020 00:00
- 194
Қожанасыр мен дүкенші келіншек
Бірде Қожанасыр азық-түлік дүкеніне кіріп, конфеттердің түрін көріп, шетінен «аты не, неше теңге?» деп сұрай беріпті. Қайталап сұрай бергеннен жалыққан дүкенші келіншек жақтырмай, естімеген болып:
— Не? — депті.
Сонда Қожанасыр:
— Айналайын, сол «неңнен де» бір килограмм тартшы, — деген екен.