- 04 ақп. 2020 00:00
- 185
Қожанасырдың кемпірін күтуі
Бір күні Қожанасыр мен кемпірі өздерінің жас кездерін еске түсірмек болып, кемпіріне:
— Кемпір, а кемпір! Осы екеуіміз бір жастық шағымызды еске түсірейікші, — депті.
Қожанасырдың кемпірі:
— Жарайды. Баяғы жас кезімізде кездесетін тұт ағаштың түбіне барып, түнде ысқырасың, сонда мен жасырынып барамын, — депті.
Түнде, күн суық, жерде қар бар. Уәделескен тұт түбіне барып Қожанасыр ысқырып, ары күтеді, ысқырып, бері күтеді, кемпірі (қыз) келмейді. Суыққа тоңған Қожанасыр ашуланып келіп, кемпірін ұрыса бастайды:
— Қақбас кемпір, ысқырып тұрдым-тұрдым, күте-күте шаршап, суыққа тоңып кеттім, неге шықпадың? — дейді.
Кемпірі ұялыңқырап:
— Апам жібермей қойды, — деген екен.