Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қожанасыр мен ұры

Қожанасыр бір айлы түнде есегіне мініп, ауылына бара жатыр еді, алдынан кездесе кеткен ұрыларға көзі түсіп, қашып құтылудың амалын таба алмаған Қожанасыр есегінің бауырына жата қалады.

— Кімсің? Жөніңді айт! — деді ұрылар Қожанасырдың қасына келген соң.

— Есектің қодығымын, — дейді Қожанасыр үрейлене қорқып.

Ұрылар есекке таяу келіп, үңіле қарап тұрды да:

— Бұл есек қой! — дейді.

Оған Қожанасыр:

— Шешем тойға кетіп еді, сондықтан әкеммен бірге еріп келемін, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама