Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қожанасыр мен баласы

Қожанасырдың баласы құдық басында отырып, нан жепті де, құдыққа нанын түсіріп алып, айқайлап жылай беріпті. Үйден жүгіріп шыққан Қожанасыр:

— О, не болды, не болды? — деп сұрапты баласынан.

Баласы солқылдап жылап:

— Наным құдыққа түсіп кетті, — дейді.

Қожанасыр құдықтың түбіне үңіліп, суға түскен өзінің суретін көреді де, ашуланып:

— Жас баланың нанын тартып алып жегенше, өле қалсаң болмай ма? — деп жерді бір теуіп қалып, жүре беріпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама