Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қожанасырдың баланы қорқытуы

Күндерде бір күн Қожанасыр базарға барып, күн ыссы болған соң шөлдеп, бір қауын алып, пышағы болмаған соң жарып жеп отыр екен. Сол кезде Қожанасырдың алдынан бір жас балалы әйел өте береді. Баласы анасының айтқанына көнбей, сотқарлық жасаған көрінеді.

Сонда әйел Қожанасырға:

— Мына баланы қорқытып қойыңызшы, — депті.

Сонда Қожанасыр:

— Шешеңді... — депті.

Әйел:

— Ойбай-ау, ол не дегеніңіз, баланы да солай қорқыта ма екен?! «Құлағыңды пышақпен қырқып аламын» демейсіз бе, — депті.

Қожанасыр:
— Пышағым болса қауынды жарып жеп отырар ма едім, бар аспабымды істетіп тұрмын ғой, — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама