Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қожанасырдың есегін ұрлатып алуы

Күндердің бірінде Қожанасыр мініп жүрген есегін ұрлатып алыпты. Есегін іздеп жүріп, жұрт көзінше:

— Бастан құлақ садақа, Құдайға шүкір, шүкір, — дей беріпті.

Мұны естіген жұрт Қожанасырдан:

— Бұныңыз қалай, сүйінгеніңіз бе, әлде күйінгеніңіз бе? Құдайға да шүкіршілік етесіз? — деп сұрапты.

— Неге шүкіршілік етпейін, — деді Қожанасыр күрсініп.

— Егер өзім үстінде болғанымда, нәлет ұрылар мені де қосып әкетер еді! Содан аман қалғаныма шүкіршілік қыламын, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама