- 08 ақп. 2020 00:00
- 251
Қожанасырдың саудамен айналыспақ болуы
Қожекең саудамен айналыспақ болып, жеміс-жидек сатып алады. Сосын оны есегіне артып, көшеге шығады. Бірақ оның жолы болмайды. Сауда қызып жатқан жерге жақындай бере есегі үнемі ақырып жіберіп, жұрт оған жақындамай қояды. Әбден ашуланған Қожекең ақыры шыдамай, есегінің құлағынан шап беріп ұстай алады да:
— Нағылет басқыр-ау, бір сәт маған кезек берсеңші. Осы сауда жасап жүрген сен бе, мен бе? — деп сыбырлапты.