Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қожаның баласы нағыз әкесіне тартқанын танытады

Бір күні Қожа мешіттің мінберіне көтеріліп, жұрт алдында ғибадат сөйлемек болады. Жұрт иін тіресіп Қожа не дер екен деп күтіп отырады. Қожа мінберде мелшиіп тұра береді. Басына ешқандай ой келе қоймайды. Жұрттың анталап тұрғанын көрген сайын Қожа қысылып, булыға бастайды. Ақыры еш нәрсе айта алмайтындығын сезген соң, көпке қарап:

— Халайық, менің сөзге қаражаяу емес екенімді өздерің жақсы білесіңдер, бірақ бүгін басыма ешқандай ой келмей тұр, — дейді.

Сол кезде мінбердің арт жағында Қожаның баласы тұрса керек. Әкесінің әлгі сөзін естіген соң, мойнын созып:

— Әке, айтар сөзің жоқ болса, мінберден түсіп кетуді білмей тұрмысың? — дейді.

Сөйтіп, Қожаның баласы өзінің әкесіне нағыз тартқан бала екенін танытып, әкенін қысылшаң қиын жағдайдан құтқарып алыпты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама