- 08 шіл. 2019 00:00
- 245
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын» — депті.
Одан кейін бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?, — депті.
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, Ал сен кімсің? — деп сұрапты.
Бақа: Мен бақылдауық бақамын мені кіргізші? — депті.
Тышқан: «Кел» — депті.
Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоянда жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрсың?», — депті.
Тышқан, бақа: «Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?» — деп сұрапты.
Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?» — депті.
Олар: «Кел» — депті.
Сөйтіп олар үшеу болыпты.
Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?» — депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» — депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де» — депті.
Олар: «Жарайды, кел» — депті.
Сөйтіп, қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?» — депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың? — депті.
Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де», — депті.
Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. «Хрпо - хро - хро», — деп қабан жүгіріп келіпті:
Мына қолғапта қайсысың тұрасың?, — депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың? — депті.
Қабан: «Мен Қабанмын, мені декігізіңдерші», — депті.
Олар: Сен мұнда қалай кіресің, — дейді.
Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер», — депті.
Олар: «Жарайды, кіре ғой» — депті. Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?» — депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін, ал мен Қасқырмын. Мен қабанмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» — депті.
Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?» — депті.
Олар: Қалай кіргіземіз, өзі іші тар боп тұрса?»
Аю: «Қалай болса да сыямыз?» — депті.
Олар: «Жарайды, кел жанымызға».
Сөйтіп аюда сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады. Сөйтіп қайта кері қарай жүреді, ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып, қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр.
Ит сонда: «әуп-әуп-әуп», — деп үреді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетеді. Атай өз қолғабын көріп алып кетті.