- 07 сәу. 2016 00:00
- 227
ҚР БҒМ білім беру қызметін лицензиялау регламентін бекітті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №357
2015 жылғы 2 маусым, Астана қаласы
«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығының 1-тармағы 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9604 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 30 қазанда № 212 (28435) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.СӘРІНЖІПОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы №357 бұйрығымен бекітілген.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11563 болып енгізілді.
«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мәтіні ресми БАҚ-та жарияланған.