Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҚР БҒМ деректер банкіне балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жөнінде кемсітетін сипаттамалар енгізгендерді жазалайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деректер банкіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілері жөніндегі туынды ақпаратқа адамды кемсітетін сипаттамалардың енгізілуі бойынша қызметтік тексеру жүргізді.

Ведомостводан мәлім еткендей, ақпаратты 146 жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, оның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйелерінің әлеуметтік педагогтары дайындаған.

Осыған байланысты Министрлік 8066 тәрбиеленушінің дербес  деректерін қайта тексерді.

Қызметкерлердің іс-әрікеттері балалар құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырғанын ескере отырып Министрлік Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының әкімдіктеріне аталған олқылықтарға жол берген қызметкерлерге шара қабылдау қажеттігі туралы хат жолдаған.

Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерінің ауызша берген ақпаратты бойынша, жауапты тұлғаларға сөгіс берілді.

Алдағы уақытта балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дербес мәліметтерін жариялау ісі Министрлік жанында құрылған қоғамдық кеңестің жұмысы шеңберінде бақыланады.

Бүгінгі таңда Министрлік жетім балаларға арналған ұйымдарда кадрлық саясат бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстың басты бағыты - қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Балалар үйлері біртіндеп отбасыларды қолдау орталықтарына айналады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама