Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қуандық Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат YouTube-тен жоғалды: Не себепті?

Екі жыл бұрын Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі қызып тұрған кезде, ресейлік психолог әрі коуч Наталья Грейс сот отырысына қатысып, кейіннен Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат жүргізген болатын. Бұл сұхбатта олар ұлдарының тұлғасы мен марқұм Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы өз ойларын айтқан еді.

Бұл сұхбат қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер тудырды. Кейбір пайдаланушылар бұл сұхбатты Бишімбаевты ақтауға бағытталған әрекет деп те бағалады.

Алайда, қазіргі уақытта бұл сұхбат Наталья Грейстің YouTube арнасында қолжетімсіз болып қалды. Бұрын жарияланған сілтемелер арқылы өткенде, видеоның жабық немесе шектеулі қолжетімділікке ауыстырылғаны көрінеді.

Сұхбаттың не себепті жоғалғаны әзірге белгісіз. Дегенмен, оның толық нұсқасы немесе үзінділері басқа YouTube арналары арқылы әлі де таралып жатқан болуы мүмкін.

Жаңалықтар

Жарнама