Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Құда-жекжаттарға арналған құттықтаулар мен тілектер

Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан құдалық жолдарыңызбен сый-құрметке бөленіп жүре беріңіздер.

*** *** *** ***

Тірліктің кім шертеді бұла күйін?
Мәңгіге баққа тұнып тұрар үйің.
Елу жас келіп қалған құтты болсын,
Құрметті құдам менен құдағиым.
 
Мұсылман боп ......... сүндеттеліп,
Өтеліп жатыр екен міндет берік.
Жүз жасқа күліп-ойнап жетіңіздер,
Баладан, туыстан да құрмет көріп.

*** *** *** ***

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.
 
Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас,
Талайлар менменсіген төсін көрген.
 
Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,
Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.
Құданың сыйластығы мың жылдық деп,
Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.
 
Армандар жетелейді тым алысқа,
Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.
Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,
Басымыз қосылсын тек қуанышқа.
 
Құдажан,
Азаматтың тарланы едің,
Ақмаңдай арулардың арманы едің.
О, құда, туған күнің құтты болсын,
Тойлайық құшағында туған елдің.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама