- 31 жел. 2022 00:00
- 382
Құнан бәйге
Құнан бәйге — үш жасар құнандар жарысы. Бәйгеге қатысатын құнанға шабандоз бала мінеді. Мәре мен сөренің қашықтығы 1 км-ден 10 км-ге дейін. Құнан бәйге күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті әрі бәйге аттарының ерекше төзімділігін қажет ететін аламан бәйгеге дайындық болып есептелінеді. Құнан бәйге бастықтырылған, жарысқа дайындалып бапталған құнан ғана қатысады. Қазіргі кезде бұл жарыс мереке күндерінде өткізіледі.