- 29 жел. 2022 00:00
- 292
ҰБТ-дан қалай аз уақытта жоғары балл алуға болады ?
Сәлем жас түлек! Сен ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) - дан қалай жоғары балл алып ата-анамның үмітін ақтаймын деп ойлап жүрсең онда бұл кеңестер сен үшін жазылды. Менің саған берер бірнеше кеңестеріммен бөлісейін.
Өзім жайлы айта кетсем мен ҰБТ дан дәл осы кеңестерім бойынша жоғары балл жинадым.Сол үшін сенімен бөлісе кетуді жөн көрдім.
1.Көбінесе ең бірінші тест тапсырушы оқушы жоғары балл алсам екен деген тілекпен жүреді, бірақ дайындықпен мүлде болмайды, сол себептіде көп оқушы төмен балл алып жатады. Яғни иа сіз түсіндіңіз ең бірінші сіз оқуға, дайындалуға деген ынта-ықылас болу керек. Ал ол ынтаны қайдан алуға болады?
Ең бірінші сіз болашығыз жайлы бір ойлап көріңізші мысалы екі жағдай бойынша
а) Жоғары балл алып грантқа түстіңіз, ата анаңыз жалпы отбасыңызбен қуаныш сәтін өткізудесіз, енді сіз ата - анаңыздың үмітін ақтадыңыз, жетістікке жеттім деп айта аласыз, және шәкіртақы аласыз. Осылай жақсы жақтарын көп екендігін көріп қалай дайындалмауға болады?
b) Ал енді бұл екінші жағдайды сіз ойланып көріңіз.
Осы ойлау арқылы сізде ынта ашылып жатыр делік. Енді арықарай нестейміз?
2. Сіз дайындалатын әр пәніңізге жоспар құрып көріңіз. Айтар кеңесім бұл жерде сіз негізгі екі пәнге дайындықты ерте бастау, әрі көп қайталау. Бірақ басқа пәндерге де дайындалу керек. Яғни есеп шығаратын болсаңыз формулаларды жаттап алыңыз сосын бүкіл бос уақытыңызда көп есептер шығарыңыз, бірақ әрине тақырып бойынша сол кезде ғана дайындық жүйелі түрде болады және сізде қызығу пайда бола бастайды. Мысалы аптасына әр пән бойынша 2-3 тақырыптан ретімен дайындалып көріңіз әр келесі өтетін тақырып арасында алдыңғы тақырып бойынша қайталап отырыңыз, көп есептер шығарыңыз.Бірақ қалған басқа пәндер бойыншада дайындалмай кетуге болмайды!
Қысқа айтқанда жүйелі түрде тақырып бойынша, әрі қызықты етуге тырысыңыз.
3. Дайындықтарыңыз есіңізде қалу үшін тақырып үйреніп жатып өзіңізді сыныптастарыңызға немесе досыңызға үйретіп жатқан білімді адам ретінде боламын деп ойлап елестетіп және де ертеңіне сол үйренгеніңізді солай үйретіп көріңіз, бұл есіңізде қалуға көмектесері анық деп ойлаймын. Солай өзіңізді сенімді адам ретінде ұстаңыз.
4. Көп тест тапсырыңыз, нұсқа талдаңыз, бұрынғы, алдыңғы жылғы сұрақтар бойынша да жұмыс жасаңыз.
Кеңесім пайдаңызға жарайды деген ойдамын.ҰБТ дан сізге сәттілік.
Назарыңызға рақмет!
Автор: Темиров Амирхан Ералиұлы
2021ж