Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
Құндыздың Руслан Өтепбайға айтқан сөзі желіні дүрліктірді

Әлеуметтік желіде Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты айтқан бейәдеп сөздері таралып, көпшіліктің назарын аудартты. Бұл жағдай жұртшылық арасында үлкен талқыға түсті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құндыздың мәлімдемесі

Видеода Құндыздың "Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын" деген сөзі естіледі. Сонымен қатар, ол боғауыз сөздер айтып, журналистің атына ауыр сөздер келтіргені айтылып жатыр.

Желі қолданушыларының реакциясы

Желі қолданушылары бұл әрекетті түсінбей, түрлі пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі: "Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе", "Жуас шығар деп ойласам", "Мына сөздерді біреу жаттатып қойған", "Ішіп алған ба", – деп жазуда.

Қоғамдық реакция

Осыған дейін желіде Құндыздың аяқ-қолы байлаулы күйде жерде қимылсыз жатқан суреті тарап, қоғам назарын тағы да осы іске аудартқанын жазған едік. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізген болатын.

Қуанышты хабар: Соңғы күндері Зүлфия Төленованың қамқорлығында болған Құндыз бен Назгүлдің түрлі бейнежазбалары тарылып, халықты түрлі сұрақтармен уайымдатып қойған еді. Бүгін тілші Руслан Өтепбайдың қатысуымен апалы-сіңілілер қауіпсіз ортаға көшірілді.

Жаңалықтар

Жарнама