Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Алтын күз"
«Алтын күз»

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой - өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Тәрбиеші: Тырна көкте тыраулап,
Қош,қош айтты,
«Кеттім» - деп
Шөптің басына қыраулап,
Күзде келіп «жеттім» деп.
Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Күз кіреді: Өздерің аңсай сағынар
Серікжан:
Шырыны – шәрбат, дәні бал;
Қауын – қарбыз, жүзімнің
Бәрі менен табылар.

Әсемай:
Алақай,күз келді.
Қарық қып жеміске,
Сарғайды түз, белде.
Толқысын егіс те.

Меруерт:
Алмұрт алмасы,
Жүзімі өрікпен;
«Біреуін таңдашы» -
Дегендей көрікпен.
Күз: Тәрбиеші апай менің арманым бар. Сіз, қалай ойлайсыз мен өз арманымды айтсам орындайсыз ба?

Тәрбиеші: Айтып көріңіз.Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым: өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал мен қазір ерегі көргім келіп тұрғаны. Маған ертегі көрсете аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Алдар көсе мен бай», «Қасқыр мен жеті лақ».

Тәрбиеші: Балалар күзге қандай ертегі қойып берейік?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісін.
Тәрбиеші: Ал, балалар ендеше ертегіні бастайық, күздің арманын орындайық.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де Ата мен Әже болыпты.
Ата - Азат: Кемпірім бауырсақ пісірші.
Әже - Гүлзира: Жарайды шалым – ау пісірейін.
Қоян - Меруерт: Сен кімсің? Қандай әдімісің? Исің қандай әдемі.
Бауырсақ - Әсемай: Мен бауырсақпын.

Қоян: Дәмді шығарсың мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін.

Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Тәрбиеші: Қоян не болды?

Қоян: Бауырсақтан айырылып қалдым қашып кетті.

Тәрбиеші: Сен ренжіме одан да бізбен бірге көңіліңді көтер.

Би: «Аттар»
Бауырсақ: Әндетіп билеп, жерден жапырақ теріп, қыдырып келе жатса, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Сен кімсің? Мұнда не қылып жүрсің?
Бауырсақ: Қасқыр сен, мені жеме мен саған әдемі өлең айтып беремін.
Қасқыр: Сен не өлең айта аласың ба?

Бауырсақ: Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Қасқыр: Аузын ашып, тұрып қалады.
Қасқыр: Ызаланып аспанға қарап ұлиды.
Тәрбиеші: Қасқыр сізге не болды?
Қасқыр: Қарным ашып тұрғаным ашып тұрғанда, бауырсақ қашып кетті.
Тәрбиеші: Сен ренжімеңіз оданда біздің балалардың биі, тақпақтарын бар соны тамашалаңыз, күз мерекесіне арнап жаттаған.
Қасқыр: Бауырсақ тағы келді ме?
Тәрбиеші: Күтіңіз келеді. Ендеше балаларды өлеңін тыңдайық.

Азат: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрелік.

Айгерім:
Күз сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.

Сұлтан:
Өсем бақша – бауында.
Қатты ұқсаймын қауынға.
Жемек болып шикідей.
Күлкі болам қауымға..

Жұмбақ: Жарып жаңғақ – жөрігін.
Даяна: Қызыл моншақ тергені
(Анар)

Балалар біз тақпақ.өлең.жұмбақ шеше алады екенбіз. Ендігі кезекті әнге берейік.
Жания: «Толғанай» әні
Тәрбиеші: Ой, балалар қандай керемет билейді.

Бауырсақ: Адасып жүріп әндетіп билеп секіріп келе жатса алдынан аю шыға келеді.
Аю: Сені танимын. Исің қандай әдемі, түрің пішінің қандай дәмдісң – ау, ә деп жақындағанда бауырсақ секіріп кетеді.

Бауырсақ: Аю тоқташы мен саған әдемі өлең айтып беремін.

Аю: Қандай өлең?

Бауырсақ: Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Аю: Тоқта, тоқта бауырсақ деп жүгіріп бара жатып, жерге құлап аяғын ауыртып алып жылайды.
Тәрбиеші: Жарайды жылама сен нені жақсы көресің, соны айтшы.
Аю: Мен балды, вареньені жақсы көремін.
Тәрбиеші: Ал сен кәмпитті жақсы көрерсің бе?
Аю: Әрине егер ол тәтті болса, неге жақсы көрмеймін.
Тәрбиеші: Ал балалар біз аюға кәмпит тасу ойынын ойнайық.

Екі командаға бөлініп, үш баладан алты баланы себетке кәмпитті тасу ойынын ойнайық.
Екі командаға бөлініп, үш баладан алты баланы себетіне кәмпитті боксшы қолғабымен тасу.

Ойын: «Кәмпит тасу». Ата – аналармен ойнау.

Бауырсақ: Келе жатса алдынан түлкі бикеш шыға келеді.
Түлкі: Ой, мынау бауырсақтың әдемісін – ай!
Бауырсақ: Мен сізге өлең айтып беремін. Маған тимеңізші деп тәрбиешінің артына тығылады. Осы кезде күз келіп.
Күз: Түлкі сен бауырсаққа тиіспе.Одан да бұл мерекені бұзбайық, ойын ойнайық балалармен.

Күзде картопты қалай жинап алады екен.
Түлкі өзіне жинайды.Күз өзіне балалар жинайды.Екі команда болып.

Ойын: «Картоп жинау»
Тәрбиеші: Күз біздің мерекеміз сізге ұнады ма?
Күз: Әрине ұнады.
Тәрбиеші: Күз сізге арналған «Қара жорға» биін орындап берейік.
Күз: Балалар мерекелерің өте жақсы екен. Мен енді кетейін, ал түлкі бикеш сен бауырсаққа тиіспе.
Түлкі: Жоқ, мен бауырсақты жемеймін. Мен тек, тауық етін, әтешті, қаймақты жеймін деп қылмыңдайды.

Күз: Ал тәрбиеші апай менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін.Сіз балаларға таратып беріңіз. Ал, балалар мен қайтып келгенше, аман сау болыңдар.
Тәрбиеші: Күз бізге сыйлық әкеліп бергеніңізге рахмет! Сіз де сау болыңыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама