Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Өмір теңіз
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз

Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, суицид туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру;
ІІ қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
Кіріспе сөз
Ойланайық,пікірлесейік,өнерді ортаға салайық
Жағдаяттар
Сахналық көрініс «Қария мен бала»
«Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы
Жүректен –жүрекке
Қорытынды

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Көркем сөз А.Балабатырұлы «Өмір деген...» оқитын Төлеуғали Балнұр

Өмір дегеніміз не?
Оның қандай құндылықтары бар.
Жауабы:
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.
. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.
Көркем сөз «Үш өлшем»
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір деген несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Ән «Өмір жолы» орындайтын Жандаулет Жандолов
VІ. Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.
Жағдаяттар:
1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.
Жауабы:
1 Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.
2 Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»
Қарылғаш
Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.
Суреттер бойынша ойтолға
Берілген суреттер бойынша оқушының өзіндік ой пікірі тыңдалады.
Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Өмір – сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
Қорытынды:

Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.
Жүректен –жүрекке
Қорытынды

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама