"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
Өтетін орны: мектептің акт залы.
- Ф - а - н - ф - а - р - ы
-
І жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен ата - аналар! Алтын ұя мектептің соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
ІІ жүргізуші:
Өлшеулі ар - намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіндер халқымыздың.
І жүргізуші:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.
ІІ жүргізуші:
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. Бүгін мектеп кемесінен тағы бір топ түлектерімізді қиын да жауапты өмір жолына аттандырмақшымыз. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
І жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
ІІ жүргізуші:
Олай болса, мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.
11 а сыныбы – жетекшісі, санатты ұстаз,---------------------------. Қошеметпен қарсы алайық.
І жүргізуші:
Бұл сыныпта «Алтын белгі» үміткерлері, «Үздік аттестат» үміткерлері, республикалық олимпиада жеңімпаздары бар.
ІІ жүргізуші:
11 б сынып, жетекшісі ұстаз--------------------------------. Қошеметпен қарсы алайық!
І жүргізуші:
Бұл сыныпта «Алтын белгі» үміткерлері......................................... бар.
ІІ жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
І жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран!
ІІ жүргізуші:
№13 орта мектеп гимназиясының 2013 - 2014 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз.
/ Әнұран орындалады/
І жүргізуші:
Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1. Ақтау қалалық әкімінің орынбасары
.....................................................................................................................................
2. Ақтау қалалық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі бас маманы ---------------------------------- қатысып отыр.
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президент Н. Ә. Назарбаев ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Халыққа жолдауын жариялады. Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне Елбасы жолдауында да мықты көңіл бөлініп отыр. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Сондықтан Елбасының келешек ұрпағымыздың өсіп - өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдарын біз тек қолдай отырып, ел ертеңінің жарқын болуы үшін бүгінгідей білімді ұрпақтың тәрбиеленуіне үлесімізді қосу басты міндетіміз деп ұғынамыз.
І жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты жан.
ІІ жүргізуші:
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақтың бүр жарған сабағына құйған мәңгілік білім нәрің. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры, Қазақстан мұғалімдерінің І съезінің делегаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, аты республикалық мұғалімдік даңқ кітабына жазылған, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, ----------------------------------------- сөз береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.