Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Көңілді күн" ертеңгілігі
1 - сыныпты аяқтау «Көңілді күн» ертеңгілігі
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбиелік шараларды топтық жұмыс түрінде өткізе отырып оқушылардың өз ойларын сыныптастарымен бөлісіп, бірлесе ақылдасып, еркін, ашық жеткізе білуге бағыттау. Ата аналармен бірлесе отырып топта жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, пайдасын және жемістілігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Сабақ соңында қатысушылар: Оқу жылында қол жеткен жетістіктер мен білім сапасының қорытындысын көреді.
Қолданылатын құралдар: АКТ, әдістемелік құралдар, кестелер, суреттер, флипчарт, маркерлер.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды өздерінің аттары қандай түстермен жазылса, сонша топқа бөлу.
Топ ережесін қайталау
Мұғалім:
Ал біз сауаттанып 1 - сыныпты аяқтап жатырмыз. Бүгін біз қаншалықты білімді, қаншалықты ақылды, сауатты екенімізді көрсетеміз. Бұған ата - аналарымыз куә болсын.
Үш топқа төрт түрлі тақырып бойынша тапсырма беремін.
І. Математика аялдамасы.
Математикалық жұмбақ
1) Мұратта бар бес іні,
Маратта бар бір іні.
Қоссақ 5 пен 1 - ді
Болады сонда неше іні? (5+1=6)
2) Табақта бес өрік,
Қолымда бес өрік.
Барлығын қосқанда
Болады неше өрік? (5+5=10)
3) Он асықтың бесеуін
Досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (10 - 5=5)
4) Алма ағашта 7 алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін мен жеп қойсам,
Қалады сода неше алма? ( 7 - 5=2)
1. 9 бен 4 - тің айырмасын қол шапалақтарыңмен көрсетіңдер.
2. 10 мысықта неше құйрық бар?
3. 3 баланың қолында неше саусақ бар?

10 - ұпай – Есепте.
1 - топ:
20+30
60 - 50
50+40
70 - 20
100 - 90
60+30
2 - топ:
10+40
80 - 10
20+50
90 - 70
40+60
100 - 40
3 - топ:
70+30
90 - 30
50+50
40 - 10
30+30
60 - 60
20 - ұпай
Теңдеуді шешіңдер:
1 - топ:
х+20=90
2 - топ:
у - 60= 40
3 - топ:
40+с=70
30 - ұпай
Есепті шығар
1 - топ:
2 - топ:
3 - топ:
ІІ. Ана тілі аялдамасы
10 - ұпай
1 - топ: Фонетика туралы. Әріп, дыбыс, сөз, буын, тасымал ережелері.
2 - топ: Сөйлем туралы ережелер. Мысал келтіру.
3 - топ: Алфавит. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Жуан, жіңішке, қосарлы дауыстылар; қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар
20 - ұпай
1 - топ: Жолбарыс сөзінен сөздер құрастыр.
2 - топ: Қарлығаш сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3 - топ: Көктем сөзіне бес жолды өлең құрастыр.
30 - ұпай
Жүзді, ақ, бес, қалам, төкті, күлді, сандық, үлкен, ащы, оқулық, көк, жиырма, ойнады, доп, алтыншы, кішкентай, жазды, ғарышкер, он, оқыды, тар, айна.
ІІІ. Дүниетану аялдамасы
10 - ұпай
1 - топ: Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлар
2 - топ: Өсімдіктер тобын ата.
3 - топ: Өсімдіктің жер асты мүшесін ата.
20 - ұпай:
1 - топ: Ағаштар бүршігін жарып, жылғалардан су ағады. Көктем мезгілінің айларын ата.
2 - топ: Айнала жасыл желекке оранып, күн нұрын молынан төгеді.
3 - топ: Жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа ұшатын мезгілді ата.
30 - ұпай:
1 - топ: Адамның сезім мүшелерін ата.
2 - топ: Табиғат құбылыстарын ата.
3 - топ: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстыр.
Ата - аналарға сұрақ:
1. Сыныпта неше оқушы бар?
2. Неше ұл, неше қыз бар?
3. Жұма күнгі сабақ кестесін айтып беріңіз?
4. Мұғалімнен не күтесіз?
5. Балаңызға қоятын ең басты талабыңыз?
6. Аптасына дене шынықтыру сабағы неше рет болады?
7. Баланыңыздың қасында кім отырады?
Рефлексия. «Тілек ағашы». Оқушылар стикерге тілектерін жазып, «Тілек ағашына» барып жапсырады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама