- 02 жел. 2021 00:00
- 277
Құралай сұлу белгісі
Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.
Құралайдың сүйгеніне қосылған, жаудан қашып құтылған, мұратына жеткен шақта ажал тырнағына ілінуі кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды. Сол Құралай сұлудың бейіті Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қамқалы селосының жанында орналасқан. Қазір құлап, бір босағасы ғана қалған.
Құралай сұлу — қалмақ ханының қызы. Шешесі қазақ болыпты. Тұтқынға түскен қазақтың Келден батырына ғашық болып, екеуі қашып шығады. Қуғыншылардан құтылып, бірнеше күн жол жүреді. Ақыры, Бетпақтың шөліне келеді. Жағасы толған қамыс, құрақ көлге түсіп дем алмақшы болады. Көлден аттарды жайғап жүргенде, Құралайдың ащы даусы шығады. Жүгіріп келген батыр жолбарыс шапқан қыздың үстінен түседі. Жолбарысты қанжармен бір-ақ жайратқан ол Құралайдың өлі денесін құшақтап зар еңіреп жылайды. Қанжарымен көр қазып, сүйегін көмеді. Елінен кісі әкеліп, сол көл жағасынан бейіт тұрғызады. Сол жер қасиетті орынға айналған. Қазіргі кезде көл құрғап, суалған. Халық Құралай сұлу бейітін әлі күнге дейін ардақтап, құрметтеп келеді.
Оқуға кеңес береміз:
Құралай сұлу