Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі тарихи маңызы

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі тарихи маңызы» деген тақырыпта 30.11.2021 жылы тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында студенттер Елбасының: «ХХІ ғасыр табалдырығында», «Бейбітшілік эпицентрі», «Еуразия жүрегінде», «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» және т.б. еңбектері туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Еңбектердің кейбіріне тоқтала кетсек, Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде қазіргі заманғы ланкестік, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары және оларға қарсы күрес шаралары қарастырылған. Қазақстанда ланкестік жікшілдік пен экстремизм проблемалары мен олар тарапынан келетін қауіп-қатер әсте болжалды сипатта емес, әбден нақты және айқын сипатта болып отыр, бұған әсіресе өңірлер мен жалпы халықаралық қоғамдастықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық проблемаларының өзара байланыстылығынан туындаған халықаралық ланкестіктің белгілі бір жаһандануын ескергенде толығырақ көз жеткізуге болатындығы туралы айтылған.

«Қазақстан жолы» деген еңбек тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған. Еңбек Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді.Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халқының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипатттамасы берілді. Кітапта этнос аралық және конфессия аралық татулық пен келісімге негізделетін әлеуметтік-саяси тұрақтылық мәселесі басты орындардың бірін алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бұл мәселе мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді. Түрлі ұлттық-діни мәдениеттің тайталасы салдарынан әлемде болып жатқан елеулі жанжалдар мұндай көзқарастың дұрысытығын қуаттайды. «Қазақстан жолы»-мемлекет орнату, жаңа қоғамды жасақтау тәжірбиесі болашақ үшін айырықша құндылық болып табылатын тарихи оқиғалар туралы кең ауқымды ақпараттан тұратын кітап. Бұл еңбек заманауи отандық және дүниежүзілік тарихнаманы елеулі түрде толықтырады.Бұл еңбек жарыққа шыққан сәттен бастап әлемдік сарапшылардың назарына ілігіп әлемнің түрлі тілдеріне аударылған.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты – Елбасы еңбектерімен танысу және Президентіміздің Қазақстан республикасының ішкі, сыртқы саясатының басым бағыттарын жүргізудегі көрегендігік саясатын ашып көрсету. Студенттерді еліміздің ертеңіне деген сенімін арттыра отырып, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында студенттер Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі және Қазақстан Республикасының дамуындағы жетістіктер мен елімізде жүзеге асырыл жатқан бағдарламалар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессор м.а. Гүлнар Қозғамбаева


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама