Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Мақсаты:
Білімділік: Құрылымдық материалдар туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Металл түрлерімен қасиеттері жайлы және металдағы таңбаларды оқуды үйрету.
Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрау.
Көрнекіліктер: Плакаттар, таңбалардың карточкалары, құрал түрлері, видео ролик.
Пәнаралық байланыс: химия.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал. (Бір - біріне тілектер айту)
2. Топқа бөлу. «Сиқырлы сандық» Сандықтың ішінде металдар жазылған қима қағаздар бар. Сол қағаздарды алу арқылы топқа бөлінеді.
1 - топ: Қара металдар
2 - топ: Түсті металдар

ІІ. "Детектив әдісі" арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Екі топқа үш үштен алты сұрақ жазу.
І топ
1. Токарь станогының бөліктерін ата.
2. Жұмыс жасау технологиясын айтып бер.
3. Өңдеуге қажет ағаштарды ата.
ІІ топ
1. Токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтып бер.
2. Қашау түрлерін ата.
3. Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі.

Үй тапсырмасын бағалау
Рефлекция.
«Бағдаршам» арқылы.
- толық түсіндім
- жартылай түсіндім
- түсінбедім
Металдар туралы видео көрсету. 2 - 3 минут

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Құрылымдық материалдар - бұл машина тетіктерін, механизмнің, ғимраттарды және басқа технологиялық объектілерді дайындауға қолданылатын материалдар. Құрылымдық материалдар табиғатына қарай: металл, металл емес деп екіге бөлінеді. Металдар: қара және түсті металдар болып негізгі екі топқа бөлінеді.

Технологиялық қолданылуына қарай: құйылған, пішіні өзгерген, пісірілген, қақталған деп бөлінеді.
Жұмыс жағдайына қарай: жылу ұстағыш, жылуға төзімді, тозуға төзімді және арнаулы деп бөлінеді.
Техникада 10000 нан астам металл қорытпалары қолданылады. Ондай қорытпалар алу үшін 40 тан астам химиялық элементтер пайдаланылады.
Қара металдар - бұл механизмдер, тетіктер, машиналар және басқа құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылады. Қазіргі кезде дүниежүзінде өндірілетін барлық металдардың 94% - ын осы қара металдар құрайды. Табиғатта темір таза күйінде кездеспейді, оны қорыту арқылы алады. Қара металдың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпасының құрамындағы көміртектің үлесіне қарай: шойын және болат деп бөлінеді.
Шойын - темірдің көміртекпен 2, 14% қорытпасы. Шойын ақ шойын және сұр шойын болып бөлінеді.
Болат - темірдің 2% көміртекпен және басқа элементтермен қорытпасы. Болатты ақ шойынды мартен, конвертер және электр пештерінде күйдіру арқылы алады.
Серпімділік қасиеттері жоғары болаттар машина және аспап жасау өндірісінде кеңінен қолданылады.
Болат химиялық құрамына қолданылуына қарай: көміртекті, аспаптық және қоспаланған деп үшке бөлінеді.

Көміртекті болаттың құрамында көміртек 0, 7% - ға дейін болады. Қарапайым көміртекті болат Ст әрпімен және 0 - ден 6 - ға дейінгі цифрмен белгіленеді. Цифрлар өскен сайын маркада көміртектің үлесі арта түседі. Ст 0 - ден Ст 2 - ге дейінгі таңбалы болаттар жұмсақ және илемді болатқа жатады. Ст 3 - тен Ст 6 - ға дейінгі таңбалы болаттар қасиеті жағынан бірдей. Мұндай болаттардан біліктер, тісті доңғалақтар, рельстер жасалады. Ал 10 санынан 70 санына дейінгі таңбаланатын болаттан арқанға арналған сым, жоғарғы қысымға арналған құбыр, кран бөлшектері жасалады.

Өткізген: Тапалов К. А.

Құрылымдық материалдың жіктелуі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама