Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар
ІІ кіші «Күншуақ» тобының оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
«21» қараша 2017жыл
Білім саласы: «Таным, шығармашылық»
Кіші сала: «жаратылыстану, сурет»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы: «Су өмірдің нәрі», «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: Балаларға судың адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалану, суды ластауға болмайтындығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру. Аквариумда жүзіп жүрген балықтар суретін салу, дәстүрден тыс сурет салу дағдысын қалыптастыру, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекі құралдар: слайд, суреттер, картоп, гуаш бояуы, сүлгі және т. б.
Әдіс тәсілдер: көрсету, үйрету, сұрақ - жауап, жаңа технологияны қолдану, бастырма әдісін үйрету.

Мотивациялық қозғаушы
1. Шаттық шеңбер
Ал, қанекей, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Оңға, солға бір қарап,
Жүзіп - жүзіп алайық.

Іздену ұйымдастырушы Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Балалар, таңертең балабақшаға келсем, маған тамшы келіп жылады.»Балалар кранды жабуды ұмытып, бүкіл су ағып кетті» деді. «Біздің топта ондай балалар жоқ, біз суды сақтаймыз, бетімен төкпейміз»дедім мен оған.

Тамшы қуанып күліп, «Су туралы не білесіңдер?»деп сұрайды.
Балалар, су туралы айтып береміз бе?
Тамшы: су адамдарға не үшін қажет?
Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
«Судың қасиеті»зерттеу жұмыс
Барлық балалардың алдарында стақанда су тұрады. Тәрбиеші сұрақтар қояды:
Судың түсі қандай?
Судың дәмі бар ма?
Судың иісі бар ма, суды иіскеп көрейікші?
Екі ыдыстағы судың біреуіне қант, екіншісіне тұз салғызып, дәмінің қандай болғанын анықтатады (өзі татып көреді).
Тәрбиеші стақандағы суды екінші стақанға құйып қандай дыбыс шыққанын аңғартады.
Су құйылады, су қандай
Су аққанда қандай дыбыс естіледі?

Ия жарайсыңдар.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз, жуынамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
«Жаңбыр жауды»
Енді балалар осы суда нелер мекендейді?
мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.(Балық)
Ия дұрыс айтасыңдар балықтар суда мекендейді.
Слайд көрсету(Балықтар)
Сұрақ - жауап:
Балалар балықтар суда не істейді?
Олар қандай қимыл жасайды?
Біз оларды қалай күтеміз?
Енді балалар осы аквариумдағы жүзіп жүрген балықтар суретін саламыз.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар мен сендерге аквариум салып дайындап қойдым енді бұның ішіне не жетіспейді? Біз балалар бұл аквариумға балықтар суретін саламыз.
Дәстүрден тыс сурет салу техникасын балаларға түсіндіру.
Бірінші қолымызға картопты алып бояуға батырып, алдымызда тұрған ақ қағаздан жасалған аквариумның ортасына картопты бастыртамыз.
Балаларды мадақтау.

МКҚК «Нұрбөбек» ясли – бақшасының
Өткізген тәрбиеші: Байдалиева. Л. Ж.

Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама