Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қиқар бала

Баяғыда бір бала қозы бағып келе жатса, оған бір шал кездеседі.

— Балам, қозы кімдікі?

Бала:

— Ата, қозы қойдікі, — дейді. Шал ренжіп:

— Өспепсің! — дейді. Сонда бала:

— Ий, әкем орта бойлы, дембелше боласың деуші еді, — депті.

Шал тағы бірде қиқар балаға жолығып қалып:

— Шырағым, лақ жоғалтып, іздеп келем, көзіңе түспеді ме? — дейді.

Бала:

— Көзім түссе қарай ғой, — деп шалға жақын келіп, көзін ашып көрсетеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама