- 08 қаң. 2020 00:00
- 224
Жүрегі нашар
Молда бір топ кісімен бас қосып, ет жеп, шай ішіп, шариғатты әңгімелеп отырады. Тыстан екі кісі кіріп келеді. Сол кезде есік алдында тұрған біреу екі кісіні тоқтатып:
— Біртіндеп кіріңдер, молдекең көп кісіні жаратпайды, жүрегі қысылып қалады, — дейді. Келгендердің біреуі ашуланып:
— Екі адамнан көп кісі келсе, молдекеңнің жүрегі қысылады екен, ал екі жүз адам мешітке кіріп, садақа бергенде неге талып қалмайды? — депті.