- 08 қаң. 2020 00:00
- 214
Молданың айласы
Бай мен молда жолаушы келе жатып, бұтаның басында тұрған араның омартасына тап болады.
— Мен бұрын көрдім, бал менікі, — дейді молда.
— Жоқ мен бұрын көрдім, бал менікі, — деп бай көнбейді.
Екеуі біраз ерегіседі. Ақырында бай:
— Бәстесейік. Кім ұзақ үндемей отырса, бал соныкі болсын, — деп. Молда көнеді. Екеуі үнсіз көп отырады. Бір кезде молда балды алып, жей бастайды. Бай шыдамайды.
— Молдеке, мұныңыз қалай? Бал менікі, оны жеуге сіздің хақыңыз жоқ, — деп, молданың қолындағы балға жабысады.
— Қақым бар, бұл бал енді менікі болды. Сен бұрын сөйлеп қойдың, — деп молда балды бермейді.