Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Рақымжан Қошқарбаев

Рақымжан Қошқарбаев (19.10.1924, Ақмола облысы, Ақмола ауданы — 10.8.1988, алматы) — Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999). 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасады. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 жылдары Ақмола облысы аткомында нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендері, көптеген медальдармен марапатталған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама