Ришат пен Мүслім Абдуллиндер
Ағайынды Абдуллиндердің әншілік-шығармашылық өнері өткен ғасырдың 40-70 жылдары европалық үлгідегі сазгерлік шығармашылықтың шарықтау шыңына жетіп гүлденген кезіне тұспа-тұс келді. Ришат пен Мүслім шығармашылық әншілік өнердің жарқын жолын ұстаған өнер жұлдыздары ғана емес, олар әншіліктің осындай үлгісін қалыптастырған оған өз үлестерін қосқан Қазақстан үшін жаңа бір ән жанрының — ән дуэтінің алғашқы қарлығаштары болған тыңнан түрен тартқан қазақ әнінің қос күреңі болды.
Егіз болып туған Ришат пен Мүслім Абдуллиндер Шығыс Қазақстанда Өскемен қаласында 14 наурыз 1916 жылы дүниеге келеді. Екеуінің тағдырлары да біріне-бірі өте ұқсас болды. Әнге деген музыкаға деген қабілет екеуінде де ерте бала жастан-ақ білінді. Табиғат оларға өте бір әдемі сұлу дауыстарды силады. Өзінің музыкалық білімін Мүслім 15 жасында со кезде 1932 жылы Алматыда ашылған музыкалық-драма техникумына түсіп бастайды. Бір жылдан кейін 1933 жылы оған Ришат келіп түседі. Аса талантты, қабілеттері күшті, келешектері зор жастар ретінде ағайынды Абдуллиндер Мәскеу консерваториясына профессор А.И. Вишневский класына оқуға жіберіледі. Мүслім оған 1935 жылы, ал Ришат 1936 жылы қабылданады. Мәскеу консерваториясын бітірген соң екеуі де Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында өздерінің солистік-әншілік қызметтерін бастайды. Мүслім 1938 жылы, Ришат 1939 жылы келіп кіріседі.
Ағайынды Абдуллиндер орыс, батыс европа классиктерімен кеңес композиторларының жетекші опералық партияларын айтты. Ашық тенор дауысты Мүслімнің ерекше есте қаларлық партиялары “Евгений Онегинде” Ленский; баритонды қою дауысты Ришат осы операдағы Евгений Онегинді, “Демон” операсында Демонды, “Травиатада” Жермонды, “Карменде” Эскамильоны, “Даисиде” Киазоны, тағы да басқаларды айтты. Ән өнерінің қос күреңі атанған екеуі Қазақстан композиторларының барлық опералық спектакльдерінде ойнап үнемі олармен қоян-қолтық араласып жүрді. Ол екеуі ұмытылмас есте мәңгі қаларлық сахналық бейнелерді жасады. Мүслім - “Қыз Жібекте” Төлегенді, “Жалбырда” Қайрақпайды, “Ер Тарғында” Балпанды, “Абайда” Әзімді, Ришат - “Абайда” Абайды, “Ер Тарғында” Ер Тарғынды, “Біржан-Сарада” Қожағұлды, “Назугумде” Гульматты сомдады. “Абай” операсындағы Абай бейнесін бірінші болып айтқан және оны кереметтей биік деңгейде жарқырата өте бір ғажап сезімде шебер орындаған Ришат Абдуллиннің есімі қазақтың музыкалық өнері тарихында мәңгілік жазылып қалды. Ағайынды Абдуллиндер осы операны 1948 жылы қазақ өнерінің он күндігінде Мәскеудегі декадаға көрсетіп зор табысқа жетті.
Қазақстан үкіметі олардың еңбектерін жоғары бағалады. 1947 жылы Мүслім Қазақ КСР-нің халық әртісі атағын алса, 1967 жылы Ришатқа КСРО-ның халық әртісі және Қазақ КР-ың Мемлекеттік силығының лауреаты атағы берілді.
Бұл аталған ән дискісі Ришат пен Мүслімнің камералық әншілік-шығармашылығына арналған қазақ әнінің қос күреңдерінің республикамыздағы камералық ән өнерінің аса көрнекті өкілдері болғандығының жарқын белгісі. Қазақтар бұл екеуін еске алғанда олардың қосылып ән шырқауларын жыр қылып айтады. Екеу болып қосылып айту бұл әншілердің бойындағы айрықша сирек өнерді танытады. Бұл шын мәнінде ақиқатты шындық. Қазақ әнінің қос күреңдерінің бұл өнерлері нағыз өте сирек кездесетін құбылыс. Барласақ Ришат пен Мүслімнің осындай қосынды шұрайлы мәдени толыққанды өнердің жаңа бір соны-сипатын түрін тудырғандары талантты әншілердің құдіретті асқақ әншілік бақыттары болды. Олар дуэттік әндердің туатын сәтінен бастап-ақ мақтағанымыз емес жарғақ құлақтары жастыққа тимей тыңдаушыларына жеткізгенше “мазасыз” күй кешетін, тыңдаушылар үкіміне салатын осының бәрі сазгерлермен айтыса-тартыса жүріп үлкен өнердің ой қазанында қайнаған туынды болса Ришат пен Мүслім сөз жоқ сол әндердің дүниеге келуіне ат салысқан шығарушыларының бірі. Дуэттік жанр осы ағайынды қос күреңдердің аттарымен тығыз байланысты. Бұлармен жұмыс істеу сазгерлер үшін зор мақтаныш әрі өте жауапты іс болды. Олардың шығарған әндерін ағайынды Абдуллиндердің өздері айтады деген мақтаныш сезім сондай күшті еді. Содан да болар ол екеуіне сазгерлердің ішіндегі мүйіздері қарағайдай атақтылары ғана ән жазатын. Яғни әншілерге терезесі тең таланттары өте жоғары қазақ сазгерлерінің “алдаспандары” мэтрлері ғана әндерін ұсынатын. Олар — Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов еді.
Ришат пен Мүслім Абдуллиндер жеке камералық концерттерімен ел алдына көп шықпады. Ал бірақ шыға қалғанда да олардың өнерлері республиканың тарихи өміріндегі ірі мәдени оқиға болып есте қалатын-ды. Халық ол екеуінің концерттерін асыға күтетін. Оған баруға тайлы тұяғы қалмайтын. Әншілерді жұрт қашан да лық толы көрерменімен ду қол соғып қатты күтіп сағынып қарсы алатын.
Ришат Абдуллиннің орындауында негізінен ұлттық әндер — қазақ, татар халық әндерімен қоса жаңа шыққан авторлардың әндері орындалатын. Дегенмен оның әншілік камералық өнерінің шыққан биігі — татар композиторы Р.Яхиннің әндері мен романстарын айтуы.
Ал, Мүслім Абдуллин болса ең алдымен тыңдаушыларына халық арасына кең тараған орыс композиторлары Н. Римский-Корсаковтың, М. Глинканың, П. Чайковскийдің шығармаларын орындау арқылы жағатын. Олардың қазақша айтқан әндері де мол табысқа жетті. Әншілер қазақ тілді жұртты орыс классиктері шығармаларымен таныстырып жақындастыруға көп көңіл бөлді.