- 22 нау. 2018 00:00
- 231
Рақмет, Мама!
Астана қаласы №24 орта мектептің
11 сынып оқушысы Жандаулет Назым
Жетекшiсi: Есетова Орынша
Жүрегімнің түкпірінде ерекше орын алатын жансың. Қимаймын. Тоғыз ай көтеріп, түн ұйқыңды бөліп, ақ сүтіңді беріп, ақ бесіктен тербетіп қоңыр дауыспен бесік жырыңды айтып, бар мейріміңді көрсеттің де кеттің. Аз уақытта бар мейрімің мен махаббатыңды бердің рақмет саған, Мама. Сен болғанда маған өмір жалған емес. Өмірімнің гүлісің. Мұңайғанда, қиналғанда менің тірегім болар ең. Сол кездер басымнан аймалап менің қызым сұлу деген сәт ше?! Әлі есімде. Оны ұмыту әсте болмас. Өмір - қызық. Біріміз сүрініп құлап жатамыз. Ал бірімізге бақыт пен қуаныш ағылып келіп жатады. Ал мен әлі сүрінудемін, мама. Бірақ, қаламым әркез ұшталып жатыр. Сіз мақтанатындай болып өсемін. Менің гүлім. Сені сағындым.