Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Рационал сандарды қосу мен азайту
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен азайту (есептер шығару)
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың теріс сандарды және таңбалары әр түрлі сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуін жетілдіру, тиянақтау.
2) Оқушылардың ауызша есептеу қабілеттері мен логикалық ойлауын арттыра отырып, шығармашылығын дамыту.
3) Ақыл – ой тәрбиесіне, жауапкершілікке, жұмыс нәтижесіне жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: презентация, интербелсенді тақта, бағалау парағы, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, практикалық сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
Бүгінгі сабақтың ұраны: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім». (М. Әуезов)

Үй тапсырмасын тексеру: №531; 533
1) «Қандай сұрақ болса да таппай оны қоймайық!»
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру мақсатында сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Тақырыптың мақсатымен таныстырыпболған соң, өткен тақырыптар туралы алған білімдерімізді жүгіртпе сұрақтардың көмегімен еске түсіреміз:
1. Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2. Қандай сандар бүтін сандар деп аталады?
3. Қандай сандар рационал сандар жиынына тиісті?
4. Теріс сандарды қосу ережесі?
5. Таңбалары әртүрлі екі санды қосу ережесі?
6. Рационал сандарды азайту ережесі?

2) Ауызша есептеулер:
- 5+20
11+(- 50)
- 2, 8+3, 2
- 4+4
- 4+5
5+20
- 7+50
- 3, 8+6, 1
(- 3)+3
- 5+( )=0
- 15+40
7+(- 50)
4, 5+(- 7, 5)
6+( )=11
- 3+( )=0
0, 06+(- 0, 6)

3) Альтернативті жауап парақшасын толтыру:
Сұрақ: ("Ия", "Жоқ")
0 саны бүтін сан бола ма?
Теріс сандар рационал сандар бола ма?
Бөлшек сан натурал сан бола ала ма?
0 санына қарама - қарсы сан жоқ дегенге келісесің бе?

4) Алгоритмдік деңгей: «Білімді мыңды жығады» Білім шыңына жетейік

7 - 8 - 11=?
4, 5 - 6, 5=?
- 20+(- 15)=?

5) Оқулықпен жұмыс №542, №543

6) Тестпен жұмыс (әр оқушы алдындағы парақшадағы тестті орындайды).
1) Есептеңдер: - 5, 2 - (- 7, 3) - 6, 7=
А) - 4, 6
В) 19, 2
С) - 19, 2
2) Есептеңдер: 14, 8 - 1, 78 - 18, 1=
А) – 5, 08
В) 5, 08
С) - 3, 8
3) Есептеңдер: 5 - (- 13) - 24, 16=
А) – 6, 16
В) 20, 16
С) 6, 16
4) Есептеңдер: - 3, 4 – ( +8, 19 ) - 4, 5=
А) - 22, 25
В) 22, 25
С) 0, 29
5) Есептеңдер: - 8, 6+1, 78+4, 23=
А) - 2, 59
В) 14, 61
С) 2, 59

7) Шығармашылық тапсырма. «Теріс сандар туралы тарихи мәлімет»

8) Логикалық есептер:
а) Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір асық қалып қояды. Бұл қалай? (бір балаға дорбасымен береді)
б) Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен соң күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
в) 2 қолда он саусақ. 10 қолда неше саусақ? ( 50 саусақ)

9) Сәйкестендіру кестесі: теңдеуді шешіп, қандай сандар жиынына сәйкес екенін табу
N натурал сан
Z - бүтін сан
Q - рационал сандар

10) Үйге тапсырма: №543, №544
11) Бағалау. Бағалау парағынан әр оқушы тұсына әр тапсырма бойынша топ басшылары баға қойып отырады да, сабақ соңында қорытынды бағаны шығарамын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама