Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Рахмет, саған Әліппе!
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Бастауыш класс мұғалімі Омаркулова Гүлназ Сериккановна

Тақырып: Рахмет, саған Әліппе!
Мақсаты: Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті,
Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «А»
сыныбының әзірлеген «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.
Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық!
(Залға 1 ұл бала, 1 қыз баладан кіреді де бір - біріне арнауларын оқиды.)
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермендер! Ата – аналар, ұстаздар және оқушылар!
2 - жүргізуші:
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
1 - жүргізуші:
Рас, әліппемен қоштасу тек біздің мектебімізде ғана емес барша Қазақстан бойынша қоштасып жатыр екен.
2 - жүргізуші:
Иә, енді біз алыстағы туыстарымызға өзіміз хат жаза аламыз.

1 - жүргізуші:
Біз енді кез - келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқиаламыз.
2 - жүргізуші:
Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ:
Ә - әлемді
Л - легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз

Хор: Әліппе

Мұғалім:
– Балалар, олай болса, біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
(Рұқсат сұрап залға Рая апай кіреді, қолындағы хатты табыс етті.)
Мұғалім хатты ашып, оқушыларға оқып береді. Әліппені жақсы оқып, меңгергендерін үшін Аяз ата сендерді Астанаға саяхатқа шақырады. Саяхатқа барамыз ба? Ендеше, әр аялдамада өз білімімізді, өнерімізді көрсетейік. Саяхатты Бәйтеректен бастайық.

1 - аялдама Бәйтерек
1 - оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе
2 - оқушы:
Ата – апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
3 - оқушы
Әріп деген не? - десең:
Ол – дыбыстың таңбасы
Сөз құраса ол ересен
Болар білім қамбасы
4 - оқушы:
Танысаң әріп қарасын
Боласың сен сауатты
Кітаптардан таб
Көп сұраққа жауапты.
5 - оқушы:
Жаттап алсан әріпті
Саналы өмір сүресің
Бұрынғы өткен тарихты
Әріппен оқып білесің
6 - оқушы:
Небір ғалым, ғұлама
Сырласады сенімен
Боласың сен де бір бала
Ой өрісі кеңіген
7 - оқушы:
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
8 - оқушы:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
9 - оқушы
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың
Мұғалім: Астанаға саяхатымызды жалғастырайық..
2 - аялдама Үш би
Тапсырмасы әліппеден
Мұғалім: Балалар, жаңа сендер 42 әріпті үйрендік, енді өзіміз оқи аламыз дедіңдер. Қане, оқып көрейікші:
1. (мәтін жазылады)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама