Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сезім мүшелерін қорытындылау сабағы
ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы,
«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
биология пәні мұғалімі Шкибаева Майра Кабеновна

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелерін қорытындылау сабағы
Мақсаты: сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметін оқып үйрену, оқушылардың білімін өлең – сөз арқылы еркін жеткізуге баулу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: жұмбақ айтыс
Көрнекіліктер: сезім мүшелерінің суреттері, сызбалар, «дәрігерлік кеңес» сызба кесте.

Сабақ барысы:
1. Сынып оқушыларын топтарға бөлу;
2. Ойын топшалары;
3. Қазылар алқасы;
4. Көрермен – қолдаушылар;
Үйге берілген тапсырма: тақырыпқа байланысты өлең, мақал – мәтел, жұмбақтар дайындау.
1. Оқушылар «Көз», «Құлақ», «Мұрын», «Тіл», «Қол», «Жүйке» топтарына бөлінеді.

2. Мұғалім: (әділқазылар алқасына)
Кім тез тапқыш,
Кім жүйрік?
Кім сөз өргіш,
Кім сүйрік?
Анықтағын дәлірек,
Құрдасыңның талабын.
Кім әлсіздеу, әлдірек,
Әділдікпен қарағын.
Ойыншыларға:
– Сұрақ қойдым бәріңе,
– Үлкен, кіші, кәріңе.
– Кімдер бұрын оянар,
– Ала – кеуім сәріде?
– Қане, айтшы,
– Кімнің қандай пайдасы бар?
– Тіршілікке адамның
– Алуан түрлі айласы бар.

1 – оқушы: «Көз»
«Ерте тұрған кісінің бір ісі артық» –
деген екен, бабалар тауып айтып.
Іштеріңде ең сергек мен емес пе?!
Оятамын бәріңді түстен тартып.

2 – оқушы:
– Ерте тұрсаң, ұланым,
Күн шығады алдыңнан.
Кешке қалсаң, ұланым
Түн шығады алдыңнан.
Шұғыласын сол күннің
Осы көзбен көрерсің
Жаман, жақсының бәрін,
Осы көзбен сезесің.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама