Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Руxани жаңғыру - Ел болашағының айқындала түсуі

Рухани жаңғыру-еліміздің дара,жаңа жолы.Бұл жол мемлекетіміздің болашағының өркендеуіне таптырмас жол.Елімізді өркениетті елдер қатарына қосу біздің отан алдындағы борышымыз.Рухани жаңғырудың арқасында ескірген қала орындарына зәулім-зәулім көз тартар ғимараттар,жаңа салынған тап-таза көшелер жасалды.Бұл да бір рухани жаңғырудың арқасында.Елбасымыз "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында тарих сахнасына көз жүгіртіп,сонау ғасырлардан бері қарай болған келеңді және келеңсіз оқиғаларды саралай отырып,зиялы пікірлерін ортаға салып біздерменен бөлісті.Аса дарынды көшбасшы елімізге жаңа таптырмас идеялар және алға басар жаңғыруларға көшуге таптырмас мүмкіндік сыйлады.Сол бағыт-бағдардың арқасында еліміз 30 Дамыған мемлекеттер қатарына қосылады деген ойдамын.Елбасымыз елімізді алға тарту мақсатында көптеген таптырмас идеялар ұсынды. 
Бұл принциптер мыналар: Бәсекелестік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы.

Қазірдің өзінде еліміздің біршама дамуы осы ұлағатты тұлғамыз Елбасымыздың ерінбей еңбек етіп жаңашаланған бағдарламасы рухани жаңғырудың арқасында.Бүгінгі таңда үш тілде білім алу қарастырылып,жүзеге асырылуда.Тіпті балабақша табалдырықтарынан бастап үш тілдік негіз ұстанған.Көптеген мектептерде,колледж және университет оқу орындарында бұл жұмыс өте қарқынды жүзеге асырылуда.Алайда еліміздің толықтай жаңарып жаңғыруына бұл жасалған әрекеттер жеткіліксіз.Менің ойымша тағы да біршама жаңа идеялар қосу керек.Халықтың мүмкіндігіне қарай әрекет қылу қажет.Себебі рухани жаңғырудың негізі халықтың,жеке адамның білдей бір тұлғаға айналуы.Әр заманның өз ғасырына қояр сыны,алар белесі бар.Яғни,халықтың жағдайын жасап,алға тартып,ынталандыру.Негізі халық пен мемлекет арасындағы көзге көрінбес байланысты мен достық деп немесе айырбас сауда деп білемін.Халықтың жағдайы жақсы болса,мемлекеттіңде ертеңі бар дегім келеді.Мемлекеттің мемлекет болып тұруы ол тікелей халыққа байланысты.Мен қарапайым отбасынан шыққан,қарапайым қазақ халқының қызымын.Өз ұлтымның ертеңі мен үшін өте маңызды.Менің елімнің,менің жерімнің ертеңі барына сенемін,себебі ертеңі ол өсіп жатқан жас ұрпақ.Тағы да Елбасымыздың принциптеріне қосар дүнием ол өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аса қатты көңіл бөлу,себебі ол елдің ертеңі мен бүгіні.Көптеп мектептер салып,сынып ішіндегі оқушы санына байланысты стандартты өзгерту,яғни,шетел мектептері стилінде оқу болмақ.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп мынаны айтқым келеді,"Өр халқымның ұлы мен қызы,сіздер келер ұрпақ ел ертеңісіздер.Сіздерден сұрарым еліміздің абыройын дүниежүзі елдерінің арасынан аман алып шығу,менің де сіздердің де ұлт алдындағы борыштарыңыз сол болмақ.Ұлт-біз сізге бала,сіз бізге-ана және пана.Мойындарыңызға арқалар ауыр жүк осы,соны сезініп жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын."


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама