Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Сәбит Мұқанов — қазақ жазушысы. Ол 1900 жылы 22 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында Сәбит Мұқанов ауылында дүниеге келген. Мұқанов жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамымен айтып үйренген. С.Мұқанов қазақ әдебиетінің өркендеуіне өмірінің соңына дейін қажырлы еңбек атқарып, 1973 жылдың он сегізінші сәуірінде қайтыс болды.
С.Мұқановтың «Жұмаштың өлімі», «Альбом», «Балбөпе», «Сұлушаш», «Ақ аю» сияқты поэмалары, «Әсия», «Азғын», «Көр заман», «Алтын аймақ», «Жұмбақ жалау», «Тіл алушылар» сияқты әңгімелері мен «Ақбөпенің сыры», «Достар», «Балуан Шолақ», «Бақташының баласы», «Адасқандар», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», т.б. повестері, сондай-ақ «Теміртас», «Есіл», «Сырдария», т.б. романдары жарық көрді. 1968 жылы «Өмір мектебі» трилогиясы Сәбит Мұқановқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алып келді.

С.Мұқанов қазақ әдебиеті саласында ғылыми очерктер жазып, «Халық мұрасы» сияқты кітабы арқылы қазақ этнографиясына да көп көңіл бөлді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама