Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Samsung адамға ұқсайтын үй роботын әзірлеу үстінде

Заманауи робототехника, ірі компаниялардың көбі осы салаға көз тігіп, қарапайым тұтынушының қалтасын нысанға алып, үй роботын жарыса жасауға кіріскен сәтке де келіп жетті. Бұл жарысқа жасанды интеллект негізінде әрекет ететін робот Saram-ды әзірлеп жатқан Samsung-та қосылған тәрізді.

Қазіргі сәтте Samsung компаниясы өздерінің зауыттары үшін өнеркәсіптік роботтарды өндірумен айналысып жатыр, Saram да ең бірінші кезекте дәл осы мақсатта қолданылатын болып жоспарланған. Баспасөз қызметі хабарлағандай, басқару ісін реттеп отыратын бақылаушы аспап робот негізінде зауыт қоймаларында ауыр металдарды көтеру және орнынан жылжыту үшін қолданылады, алайда оның қызметі болашақта үй көмекшісі ретінде пайдалануға дейін кеңейтілетін болады. Осы мақсатта Samsung тіптен «Saram» сауда маркасын тіркеп те үлгерді.

Қазіргі сәтте Samsung өз роботын халыққа көрсетуге әзір емес, бірақ қазірдің өзінде оның екі аяқпен тік жүру функциясы бар болатыны белгілі, және түрлі кедергілер мен жердің біркелкі тегіс емес жағдайларына байланысты табан буынының бүгілу бұрышын реттей отырып, екі аяқты роботқа денесін тік ұстауға мүмкіндік беретін тік жүрудің инновациялық технологиясы да қолданылады деп болжануда.

P.S: Қызықты әрі пайдалы мәліметтерді жіберіп алмау үшін, біздің телеграм каналымызға да жазылыңыздар: @bilimall


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама