Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сан есімнен өткенді қайталау
Қазақ тілі ( 3 - сынып )
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есім тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, жинақтау.
Жаттығу жұмыстары барысында ойлау қабілеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру.
Сауаттылыққа, білімділікке баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Екі көзің не үшін керек?
Оқушы: Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: Екі қолың не үшін керек?
Оқушы: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
2. «Миға шабуыл» Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бір жылда неше ай бар?
А) 7 ә) 12 б) 10
2. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?
А) 15 ә) 20 б) 18
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
А) 28 ә) 36 б) 42
4. Сан есімнің сұрағын тап.
А) қандай? ә) қанша? Б) кім?
5. Сан есім нені білдіреді?
А) заттың атын ә) заттың сынын б) заттың санын
6. «Мен отбасымда екінші баламын.» Сан есімді тап, сан есімнің қай түріне жатады?
А) есептік ә) реттік б) болжалдық
7. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.
А) – ыншы,- інші ә) – ау - еу б) – дан - ден

3. Көркем жазу. (тақтамен жұмыс)
4. Ой қозғау. Мәтінмен жұмыс. (29 - жаттығу)

Қоян қымбат бағалы түбіт береді. Оның терісі де бағалы.
Қоян өте өсімтал келеді. Жылына 4 - 5 рет көжектейді. Әр жолы 8 - 10 көжек туады.

- Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт.
- Мәтінге ат қой.
- Мәтіннің әр бөлігі қандай жолдан басталып жазылған?

Өсімтал сөзіне түсінік беру.

5. «Ойлан тап!» 30 - жаттығу.(Сан есімдерді тап. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.)
6. Суретпен жұмыс. (Сурет бойынша әңгіме құрап жазады.)
7. Сергіту сәті.
Секіреміз топ - топ,
Шапалақтап көп - көп.
1, 2, 3 - иілеміз оңға қарай,
1, 2, 3 - иілеміз солға қарай.
8. Көру диктанты.
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

9. Өзіндік жұмыс. (үлестірмелі карточкамен жұмыс)
10. «Кім тапқыр?» 34 - жаттығу.
(Себетке реттік сан есімдерді салу)
11. «Кім жылдам?»
К +2+лік, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан, т+10.
12. Сабақты бекіту. «Не білдік, не үйрендік?»
13. Үйге тапсырма. 35 - жаттығу.( Ребустың шешуіндегі сөзбен сөйлем құрап жаз). Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама