Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдану
Пәннің атауы: Математика
Тақырыбы: Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдану
Мақсаты: Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын пысықтау, қайталау.
Жетістік критерийі  Өткен сабақтарды қайталайды.
 Өз беттерімен жұмыс жасай алады.
Сілтеме: Математика 4 сынып, оқулық, АКТ көздері, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:  Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді, оларға амалдарды қолдануды.
 Төртбұрыштардың ауданын таба алуды.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты парақшалар, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, «Ой шабуылы», «Ойлан, Біріктір, Бөліс», «Ортақ талқы» әдісі, «Үш қадамды сұхбат», «Еркін әңгіме» әдісі.

Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, математика оқулығы, әдістемелік журналдар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді.

Ұйымдастыру. 2 минут
Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру. Бір - біріне сәттілік тілеу.

Қызығушылығын ояту
Ауызша есептер
Заңдылықты тағайындап, сандар қатарын жалғастыр:
а) 0, 19, 38, 57,.............
ә) 318, 422, 526,............
б) 72 574, 72 561, 72 548,..........

Білу.
«Ой шабуылы» әдісі 3 минут
№1 есеп. Сандарды жаз және оқы, онда:
 Әр санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?
 Оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте.
 Сандардың әрқайсысындағы 5, 6, 8, және 0 цифрлары нені білдіреді?

Түсіну.
Презентациямен жұмыс. 2 минут
№2 есеп. Мәтіндегі сандарды цифрлармен жаз және оқы:

№3 есеп. Есептерді шығар.
а) шеберхана әрқайсысына 2 қоян терісін жұмсап, 7 бас киім және әрқайсысына 4 кәмшат терісін жұмсап, сонша бас киім тікті. Шеберхана бас киімдерге барлығы неше тері жұмсады?
ә) Есеп мәліметтерін пайдаланып, 7*4 - 7*2 түрінде жазуға болатын есеп құрастыр және шығар
№4 есеп. Есептерді шығар.
а) 9 шапанға 54 метр және сонша қамзолға 27 метр мата жұмсалды. Бір қамзолға қарағанда бір шапанға неше метр мата артық жұмсалды?
ә) Есеп мәліметтерін пайдаланып, 54/9+27/9 түрінде жазуға болатын есеп құрастыр және шығар
Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдану. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама