Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, берілген тапсырманы тиянақты орындау, жай бөлшекті жазу каллиграфиясын таза, көркем жазу дағдыларын дамыту;
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абайдың өлеңдерін сыйлауға, құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, Абайдың суреті, ДК.
Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен әдебиеті, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру үшін соған ұқсас математикалық диктант жазамыз.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
- Балалар сіздер әдебиет пәнінен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныссыздар. Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай бес асыл қасиеттер туралы айтады. Есімізге түсірейікші. (Оқушы жауаптары)
- Өте жақсы балалар ендеше бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың осы өлеңімен байланысты болмақ.
Сабақ барысында әрбір кезеңге атау беріп, соңында алғашқы асыл қасиет жазылған сөзді аламыз. Ең бірінші кезеңіміз «ТАЛАП» деп аталады, бұл кезеңде сендерге бұрыннан таныс жай бөлшектер, олардың қасиеттерін білу және еске түсіру талап етіледі.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Сарыкемер ауылы, Сарыкемер орта мектебінің
Математика пәні мұғалімі: Ишанкулова Кулипа Давировна
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама