Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сапалы дайындық - нәтиже кепілі!

Өзім осы жылғы мектеп бітірушілердің бірімін.  Байқау тестілеуінен алып жүрген ұпайым көңіл куантпайды . Осы себепті де қосымша білім беру орталықтарына баруға тура келді. Ал ұстаздар биылғы ұлттық тестілеуге мектеп жауапты емес деумен жалтаруда. Барлығы дерлік емес. Шынайы жанашырлық танытып көмектесіп жүрген ұстаздарыма алғыс айтамын . Дегенмен  олардың ішінде маған керекті пән мұғалімдері жоқ.

Мен оқитын мектептің 64 түлегі мен БИЛ және Экономиқалық лицейдің 150-ден аса бітірушілерін қосқадағы жалпы саны 200-ден асады.Олардың 72 %-ы қосымша білім беру орталықтарына баруда . Басым көпшілігі,  яғни 32%-ы шет тілін, 23%-ы физиканы, 20% -дан  көбі басқа да пәндерді оқытатын арнайы курстарға қатысады. Менің қарастырып отырғаным облыстағы мамандандырылған тереңдетіп оқытатын   мектептердің   деңгей көрсеткіші.Мұнан басқа жалпы білім беретін мектептердің жағдайын айтпасақ та түсінікті. Олардың көлемі мұнан да көп, мұнан да ауқымды. Орталықтарға балалар білімін жетілдіру үшін барады. Әрине жастарымыздың бұл ізденесіні көңіл қуантады. Алайда бір қынжылтатыны орталық басындағылардың бұл талпынысты табыс көзіне айналдыруы. Қосымша курстардағы үйрету процесінің жәй өтуінің сыры  да осында. Курсқа қанша ұзақ қатысасыз, соншалықты көп ақша төлейсіз.Ал бұл орталықтардың бағасы менің анамның бір айлық жалақысына татиды.

Осы айда өз бетіммен дайындалғым келді.Алдыма кітап жайып , қолыма қалам алдым , бар зейінімді осы жолға салдым. Есесіне курста бір айлап өткен тақырыптарды екі аптада  меңгере алдым. Онда берілетін білім мектеп қабырғасында өтілетін тақырыптарды қамтиды. Артық ештеңе жоқ. Ең бастысы еңбектеніңіз. ““Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді”, еңбегі ақталмаған қаншама  түлектер бар” – деп, ойлап отырған шығарсыз. Әйтседе бұйыру үшін жүгіру керектігін ұмытпағайсыз. 

Оқырман, егер сіз төменгі сынып оқушысы болсаңыз қазірден еңбектеніңіз.Кітап бетіндегі әрбір құнды мәліметтерді түртіп алып отырыңыз.Сонда ғана межесіне жеткенде мен секілді сан-саққа жүгірмейсіз. Ал бітіруші түлек болсаңыз менің жай-күйіммен таныс шығарсыз. Сізге мұқалмас жігер, рухани күш қайрат тілеймін! Ең бастысы өз күшіңізге сеніңіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама