Сақтан, ұрпақ, СПИД деген қатерден! атты конференция (9 - 10 сынып)
«Сақтан, ұрпақ, СПИД деген қатерден!» атты конференция (9 - 10 сынып)
1 – жүргізуші (Күмісбек) Қымбатты қонақтар!
2 - жүргізуші (Меруерт) Құрметті оқушылар!
3 - жүргізуші (Бектұр) Барлықтарыңызды бүгінгі «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!» атты конференциямызға қатысып отырғандарыңызға алғыс айта отырып, конференциямызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!
2 - жүргізуші: Бүгінгі «Сақтан ұрпақ Спид деген қатерден» атты конференциямызды, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағымыз келіп тұр.
3 - жүргізуші: «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 9 - 10 сынып оқушылары аралығындағы конференцияға қош келдіңіздер!!!
2 - жүргізуші: Біздің ойымызша бүгін сіздер,
1 - жүргізуші: өздеріңізді толғандырып жүрген бірнеше сұрақтарыңыздың жауабын табатын боласыздар деп ойлаймыз!
3 - жүргізуші: Ертең, яғни 1 - желтоқсан Дүниежүзілік Спид - ке қарсы күн, яғни осы күннің эмблемасы - қызыл лента болып табылады.
2 - жүргізуші: Қалай ойлайсыздар біз СПИД туралы білуіміз қажетпе?
1 - жүргізуші: Әрине, өткені...
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!
3 - жүргізуші: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
2 - жүргізуші: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген.
1 - жүргізуші: 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС - ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
3 - жүргізуші: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.
2 - жүргізуші: Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
1 - жүргізуші: ЖИТС – бірте - бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.
3 - жүргізуші: ЖИТС - пен ауру - өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол - ол сақтану, алдын алу.
1 - жүргізуші: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.
3 - жүргізуші: Жаңағы айтылған мәліметтерді нақтырақ танысу үшін, назарларыңызға видео ұсынамыз!
2 - жүргізуші: ЖИТС пен АИВ - ның айырмашылығы
1 - жүргізуші: АИВ - туралы жалпы мәлімет
3 - жүргізуші: АИВ - ың таралу жолдары
2 - жүргізуші: Вирустың құрылысы
1 - жүргізуші:
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
2 - жүргізуші:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
3 - жүргізуші:
Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос - жолдастарына байланысты.
Назарларыңызға «Қисық жол» атты көріністі ұсынамыз.
(Сахнада бір отбасының түскі ас ішу кезі көрсетіледі. Анасы ас қамын әзірлеуде. Әкесі мен анасының арасындағы диалог.)
Ана: Ау, әкесі түскі аш ішейік келсеңші, Еламанда келіп қалар.
Әкесі сахнаның ар жағынан сөйлеп шығып келеді (көзінде көзәйнек, қолында газет)
Әке: Сағат болса 2 - ден асты. Ұлымыз неге кешігіп жатыр екен.
Ана: Келіп қалар, күнім сол, өзі шаршап жүр, ҰБТ – сы қиын, күнде тест ке
дайындалады.
Әке: Оқысын, оқығаннан қор болмайды. Өз нанын тауып жейді.
(Осы кезде есік соғылып, ұлы келеді, анасы қарсы алады.)
Еламан: Сәлем, әке, анашым, мен келдім.
Анасы: Кел құлыным (еркелетіп), қарның ашқан болар.
Еламан: Қарным ашқаны соншалық, қандай тағамызға да ризамын.
Әкесі: Ұлым, сабағың қалай, биыл оқуыңды аяқтайсың, дұрыстап дайындалып жүр.
Еламан: Иә, әке жақсылап дайындалып жатырмын. Күнде сабақтан кейін ҰБТ - ға дайындық сабақтары өтеді.
Анасы: Менің ұлым ақылды. әкесі ұлың шаршап келді, бала тамағын ішсін енді.(даусын көтеріңкіреп)
Еламан: (тамағын ішіп отырып) Әке, ана мен сіздерге бір нәрсе айтайын деп едім. Бүгін біздің сыныптағы Бауыржан бар емес пе, туған күнін атап өтпекші, туған күніне достарын жинап жатыр екен, мені де шақырды. Қалай қарайсыздар. Баруыма рұхсат етесіздерме? 11 сыныпта оқимыз. Бітіреміз дегендей….
Әкесі: Ол қайсысы, әлгі ұзын ба?
Еламан: Иә, дәл өзі әке.
Әкесі: Бармайсың, үйде жұмыс көп, маған қолғабыс етпейсің бе, жалғыз өзім үлгермей жатырмын.
Анасы: (ұлын қорғаштап) Әкесі бара қойсын, достарымен бойын жазсын, сабақтан шаршап жүр, кешікпей келеді ғой, рұқсат ет, енді.
Әкесі (сөйлеп, ренжіп сахнадан шығып кетеді.) Жалғыз ұлдан көмек болмайтын болды ғой, бармайсың!
Анасы: Ұлым, сондай барғың келіп тұр ма? Әкең ренжіп жатыр ғой. Жақсы мен әкеңді бірдеңе етіп көндірермін, сен көп кешікпе, жарай ма.
Еламан: Жарайды, анашым, сен алтынсың ғой.
Еламан сахнадан жүгіріп шығып кетеді.
2. Көрініс (Туған күн кеші)
Сахна қараңғы, музыка туған күн кеші, жастар билеп жатыр.
Туған күнге Арман келеді, бәрі қуанышпен қарсы алады. Барлығы қосылып билеуде, Еламан досы Елжас екеуі топтан бөлініп, екеуара сөйлесіп тұр. (Осы кезде жалпы жарық сөндіріліп. Жарық тек екеуіне түсіріледі)
Елжас: Еламан кеш тамаша өтуде, үйдегілер қалай жіберді, мен өлердегі сөзімді айтып, сұрандым әйтеуір.
Еламан: Иә, мені де әкем жібермей, анам көндіріп, шықтым - ау әйтеуір.
Екеуінің әңгімесіне Туған күн иесі Күмісбек келеді.
Күмісбек: Достар, неғып билемейсіңдер, ұнамай жатыр ма?
Еламан, Елжас: Кеш тамаша өтуде, тағы да туған күнің құтты болсын! (екеуі жарыса)
Сақтан, ұрпақ, СПИД деген қатерден! атты конференция (9 - 10 сынып). жүктеу