Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Тақырыбы: Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігін пайдалана отырып, өз елінің тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, сызбалар
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, математика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасып, орындарына отырғызу.
- Оқу - құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық
Жалын атқан жанардан
Білімдеріңді көремін
Өздеріңмен білімнің
Әлеміне енемін
Оза шабар шәкірттер
Мен сендерге сенемін!

Қызығушылықты ояту
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
1 - топ: «Парадарайа»
2 - топ: «Тиграхауда»
3 - топ: «Хаумаварга»
Бағалау нормасын түсіндіру. Әр дұрыс жауап 1 смайликпен бағаланады.
Ой қозғау

Берілген сөздерді топтастыру

Мағынаны тану
«Аквариумдегі алтын балықтар» әдісі бойынша өз тақырыптарын қорғайды, қосымша сұрақтарға жауап береді.
Топтардың қорғауын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалату.
Қызыл – мүлде түсінбедім, сары – жартылай түсіндім, жасыл – толық түсіндім.
1 балық: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер және діни нанымдары.
2 балық: Өз тәуелсіздігі үшін кімдермен күресті, Шырақтың ерлігі.
3 балық: Сақ қоғамы және шаруашылығы.

Ой - толғаныс
1. Тарихи сынақ хат
Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар.

Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама